Сен тұр - мен айтайын!

Мужскойға әйел адам кіріп кетсе, бұл кісілер общение ұстап тұра береді екен...

  • Мужскойға әйел адам кіріп кетсе, бұл кісілер общение ұстап тұра береді екен...

    Мужскойға әйел адам кіріп кетсе, бұл кісілер общение ұстап тұра береді екен...

"М " мен "Ж"


Күн ыстық. Ауылдан қалаға жете қабыл 4 жасар ұлым "туалет " деп сыбырлады. "Сәл шыдай аласың ба? " деп едім "Иә", деді.

Саябақтан түстік. Бұрын-соңды бұл жердің дәретханасын көрмегендіктен, сұрастырып тағы жүріп қалдық. Ұлым бір қолымен "абыройын" ұстап алыпты. Үлгермесем, іс насырға шабады. Ұлды көтере-мөтере дәретханаға кірдім. "М " мен "Ж"-ның ортасында отырған кассир "Ойбай, үлгер, шыққанда төлейсің " деді. Оқтай зулап кіріп кеттім.

Қатар қатар тесіктің бірінің қасына ұлымды тұрғызып, бас салып, бұтын шеше бастағаным сол теріс қарап тұрған кісі "Здрастеееее " деді даусын созып . Ауылда жалғыз орыс бар еді, сол шығар танып тұрған деген оймен, қарамастан, "здрасте" дедім. "Мда, как дела? " деді әлгі кекесінді үнмен, "хорошо" деп қойдым. "Вам тут удобно? " деді әлгі дауыс тағы да. Ұлымды тосып үлгергеніме шаттанған үнмен "Да, удобно" десем "А, вот мне прятатся от вас так не удобно!" деді әлгі. Сонда барып ешқандай да ауылдағы орыс емес, туалетте, оның үстіне Ерлер туалетіне кіріп кеткенімді ұқтым. Баламды тастай салып, жан даусым шығып кері атылғанда есіктегі "М " әріпін көзім шалды ...

Бір қызығы "Ж"ға еркек кіріп кетсе, ұлардай улап-шулап, қуып, бірден қайда тұрғанын есіне түсірер едік. Мужскойға әйел адам кіріп кетсе, бұл кісілер общение ұстап тұра береді екен...


Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3117    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.06.2019, 12:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31