Сен тұр - мен айтайын!

Мұрнына "қыздың сирағын" салып алып, екі күн жүрген ұлым мәәәз

  • Мұрнына

    Мұрнына "қыздың сирағын" салып алып, екі күн жүрген ұлым мәәәз

Ойыншықтардың сыртындағы осы бір қызыл белгіні елей бермейміз, иә? Негізі бұл ескерту белгісі жайдан-жай көрсетілмеген...
Үш жасқа тола қоймаған ұлым мұрнымен дұрыс дем ала алмай, пысылдап жүргенін байқадым. Мұрнын тексерсем, таза). Бірақ өзі мұрнының үстін көрсетіп "мама, ибай болды ғой" деп қояды. Мән бере қойған жоқпын. Бірақ пысылдап жүргені оның емес, менің тынысымды тарылтып жіберді. Ақыры, бүгін мұрнына физрастворды қайта-қайта сеуіп жүріп, сіңбіртіп қалып ем... мұрнынан бірдеңе атып шықты). Қарасам, лего ойыншығының бір бөлшегі. Қасымда көмектесіп жүрген кіші қызым: "үүүй, мынау менің легомдағы қыздың аяғын бұрайтын болтик қоой, таппай жүрсем, мұнда жүр ғой" дейді. Қазір ғой күліп отырғаным, әйтпесе сол кезде "ойыншығыңа неге ие болмайсың, неге ұсақ ойыншықты балаға бересің" деп айбат шектім енді). Ал мұрнына мұқым бір "қыздың сирағын" салып алып, екі күн жүрген ұлым мәәәз: "мама, ибай жоқ енді" деп)), шамасы, мұрны ашылып, жеңілдеееп қалған сияқты.
Кші қызым да 9 айлығында мұрнына моншақ "жүйткітіп" жібергені бар. Еңбектеп жүрген кезі ғой, жерден бірдеңе тауып алғанын көрдім, мен барғанша мұрнына салып үлгерген ғой). Қалай "экстремальная мама" болып кеткенімді білмеймін, әйтеуір моншақты алып шыққанмын кішкентай мұрнынан).
Баяғыда қаладағы 1-ші балалар ауруханасының хирургия бөлімшесіне репортажға бардық. Сонда хирург-дәрігерлер кішкентай балалардың жұтып қойған заттарын көрсетіп еді. Оның ішінде не жоқ дейсіз: 5, 10 теңгелік тиындар, жаңғақтардың түрі, тіпті түйреуіш те жүр...Сондықтан балаларыңызға абай болыңыздар, бұлар деген "опасный" халық, "түйені түгімен" жұта салуы әп-сәтте...).

Қымбат Тоқтамұрат

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4223    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.02.2021, 08:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30