Сен тұр - мен айтайын!

Мына карантиннің уағын пайдаланып, сендерге неге "әрекет" етпеске?

  • Мына карантиннің уағын пайдаланып, сендерге неге

    Мына карантиннің уағын пайдаланып, сендерге неге "әрекет" етпеске?

Пандемия қысты ма, әлде коронавирус па, білмедім, телефонға соңғы екі-үш күн тыным болмай кетті...

Сол баяғы "холодный звоноктар" ғой. Кілем жуу, көлік сақтандыру, тіпті біреуі Мәскеуден звондап, мұнай мен алтын сатайық, биржада - дейді. 

Соларға күйініп отқанда, жасы 78-ге келген бір әжемен сөйлесіп қалдым. Сәбет заманында мәгәзінде сатушы болып, күйеуі обкомда инструкторлық қызмет етіп, дәуірлеген жандар екен. Стандартты үлгідегі қазақ кемпірлеріне ұқсамады. Әже айтады - балам, мына мен 5 бала тудым. Ырым алды құдамның 12 ұлы бар еді. Құдалыққа барғанда, құда мен құдағиды қосқанда алдымнан 26 адам шыққанда әй, таңқалдым. Мына карантиннің уағын пайдаланып, сендерге неге "әрекет" етпеске? Саған айтайын, әр баланың өз несібесі болады. Одан қорықпаңдар. 78 жыл өмірімде үйге қамалған мұндай мүмкіндікті ваще көрмедім - дейді.

Содан маған да идея келді. Мазаны алған әлгіндей қоңырауларға - Почему Вам любовью не заниматься во время пандемии? - деп сұрақ қоятын болдым. Бір-екеуі - Молодой джеловек, что Вы несете?! - деп телефонды тастай салды. Қалғандары сразу телефонды лақтырады һәм қайтып қоңырау шалмайды.

Тегін лайфхак: келесі жылдың басында туған сәбилерге: Көбей, Көбейген, Көптілеу, Тәжігүл, Тәжі, Тәжімбет, Тәжкелді деген ат қою ұсынылады. Бұл идея да - әлгі әжейдікі. 

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1402    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.06.2020, 12:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30