Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Неге біз осы кекеткішпіз?

08 тамыз 2022, 12:13

Неге біз осы кекеткішпіз? Қит етсе неге біреуді мысқылдап шыға келеміз? Өзіміз құлап жатып, неге сәл ғана сүрінгенге күлеміз? Ішіміз тар ма, неге өзімізден асып кеткен адамды көрсек, "өй қойшы, ондай мен де бола алам, бірақ...", - деп әрі қарай жамандай жөнелеміз.
Мысалы, біреу үй алса, "Оо, құтты болсын, қашан шақырасың?", - дейміз. Сондағысы оның жетістігіне қуану болса бір сәрі, жоқ "и қойшы, қаланың бір шеті", немесе "қуықтай ғана бір бәле" деп кемшілігін теріп, өсек қылу үшін.
Бір қыз күйеуге тисе де, "сонша жүріп тапқаны осы ма, Құдай біледі анау альфонс"... тағысы тағы...
Неге сондаймыз?
Неге ешкімді сынап-мінемей, болған жайды жай қабылдай салмаймыз?
Әлде, бұл комплекс па? Өз әлсіздігімізді солай жасырғымыз келе ме ? Біреуді кемсіту арқылы... Түсіне алмай қойдым. Сіз қалай ойлайсыз?

facebook.com  парақшасынан