Қазақстанда күніне орта есеппен 9 адам суицидтен өледі екен. Жылына 3,5 мыңдай адам. Олардың көпшілігі кәмелетке толмаған балалар.
Қорқынышты статистиканы жыл сайын айтып, мамандар дабыл қағады негізі. Бірақ, үкімет суицидке қарсы ешқандай бір мемлекеттік бағдарлама әзірлеген жоқ. Оның орнына халықты түрлі мақала-бағдарламалармен "рухани азықтандырып" жатыр. Неге суицидке қарсы мемлекеттік бағдарлама жоқ?
P.S. Бірақ, бір жағынан ойлаймын, егер Үкіметтің мемлекеттік бағдарламаларының бәрі қағаз жүзінде емес, іс жүзінде орындалса, мына суицид оқиғаларының жартысынан астамы болмас еді.
Фейсбуктегі парақшасынан