Сен тұр - мен айтайын!

Облыс әкімдері, барша әкім адамның өмірі үшін жауап береді!

  • Облыс әкімдері, барша әкім адамның өмірі үшін жауап береді!

    Облыс әкімдері, барша әкім адамның өмірі үшін жауап береді!

Ауыр, жаралы ақпарат толқыны сананы қажытып жіберетіндігі рас.
Ұлымның досының әкесі қайтыс болыпты. 6 баланың әкесі, ең кенже баласы қырқынан шықпаған.
Жап - жас жанұя. Қаншама құда- жекжат, құданың құдасы қайтыс болды дегенді күнара еститін болдық.
Өлім- жітімнің өзі шаршап кеткен тәрізді.

Бұл зұлматтың тезірек кеткенін тілейік.
Сонымен бірге, " сақтансаң сақтаймын" деген принципті ұмытпау керек.
Аймақтарда дәрі -дәрмек жетпей сабылған халық, адам толы бәлніс.
Жергілікті әкімдер осы дәрмек мәселесіне баса назар аударуы керек.
Облыстың әкімі деген "жарты - құдай" бұл өмірде нақты бір іс үшін жауап беруі керек.
Құдай алдында адам өмірі үшін жауап беретіндіктерін ұмытпағаны жөн.
Көптеген әкімнің көзіне шел қаптап кеткен. Ертең, бұл жауапкершіліктен де қашуы мүмкін. Сонда, ол әкім кім? Не үшін отыр? Деген сұрақ туады.
Пандемияның тезірек кетіп, сұрапыл бұлттың сейілуін тілейміз. Дегенмен, бұл "сұр пәлең" оңайлықпен берілмейді. Ұжымдық иммунитет жасамай болмайтын тәрізді. Алдымызда әлі "тар жол" бар ма деп қорқамын. Градусник жоқ, давление өлшейтін жоқ, дәрі жоқ. Бұл қапасқа аяқ астынан қалай тап болдық?
Ең басты мәселе, дәрі дәрмекке мекендерді толтыру керек. Сол дәріні халыққа әділетті түрде, қажет болғанда тегін тарату жағын ойластыру маңызды. Ел арасында түсіндіру жұмыстары ақсап жатыр.
" Мессенджер бар, әлеуметтік желі бар, ватсаппен неге жұмыс істемейді" деген заңды сұрақ...
Маска тарату, бәлністерді төсекпен толтыру, аудан, облыста ресторан, гостиницаны босатып, төсек қою. Қосымша врачтарды көмекке шақыру, еріктілерді ұйымдастыру қиын емес қой. Әкім шонжардың табаны көтерілмеді, соған да мандымады ғой.
Әлі де кеш емес.
Жер жерде әкім осы жұмыспен айналысуы керек.
Адамның өмірі ең басты құндылық!
Бұл нәубеттен шығамыз. "Көппен көрген ұлы той". Бірақ, жүрек құрғыр "әттеген- ай" лап тұрады екен.
Қаншама азаматтың өмірі, "ел аман, жұрт тынышта" қыршын кетті.
Өкінішті, запыран кермек.
Ықпалдастық, ынтымағымыз биік болсын! Бұл өкініштен де, тайғақ кешуден де өтерміз. Болашаққа сабақ алу керек.
Облыс әкімдері, барша әкім адамның өмірі үшін жауап береді!
Баршамыз аман есен болып, елдің, халықтың тілеуін тілейік.
Қазағым аман болсын! Еліміздің шаңырағы шайқалмасын!

 

Erlan Sairov

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 822    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.07.2020, 09:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30