Ол как всегда үнсіз отырады. "Істе" дид...

23 қазан 2020, 08:43

Қашықтан істегелі күйеуді күнде көреміз.

 

Содан отырып алып, қиялдайм ғой. "Андай істейік, мындай істейік жұрттан қаламыз ба?" дейм. Ол как всегда үнсіз отырады. "Істе" дид. "Сен ше? Не елден кемсің бе?" дим көзді дөп-домалақ қып. "Мен не ерігіп отырмын ба?" дид ол.

 

Содан қой дедім. Бір күні "сауда жасайм" дедім өнер шығарып. "Жаса" деді. "Бірақ жарты иманыңды қоса сатасың, есіңде болсын" деді.

 

Содан шайын бір ұрттап қойып "Құранды оқуды ұмытпа, жарайма" деді. "Құранның не қатысы бар? Осы сен өмірді қиындатпай отыршы" дедім өкпелеп. "Ее, құранды оқысаң түсінесің...Білесің бе сауда жасаған жерде шайтан қоса жүреді. Сонда ғана сауда жақсы өтеді екен. Бір күні шайтанды ұстап алып, қол-аяғын байлап тастаса, сол күні базарда сауда өтпепті" деееп ұзын-ырғасы осындай әңгіме айтыыып отыр.

 

Сол, бүгін бір ақылы пост жазам деп едім бәрің шуладыңдар.  Баяғыда әпкемнің қызы "бауырларың жақсы, біз жаман" деп жылаушы еді. Сол құсап" бәрің ақылды, мен ақымақ" деп жер тепкілеп жылайм ба.

 

Гүлжан Амангелдіқызы

Фейсбуктегі парақшасынан