Сен тұр - мен айтайын!

Оларға қазақтың тілі ғана емес, өзі де кішкентай. Тілдеуге, жекуге, сүйреуге болады...

  • Оларға қазақтың тілі ғана емес, өзі де кішкентай. Тілдеуге, жекуге, сүйреуге болады...

    Оларға қазақтың тілі ғана емес, өзі де кішкентай. Тілдеуге, жекуге, сүйреуге болады...

Үлкен тіл


Кеше күтпеген жерден Досекең екеуміздің ызаға булыққанымыз...

Алматыдағы бір көшені полиция көлігі бөгеп тұр екен, "Ары жүруге болмайды, солға бұрылыңдыр! Ей, кімге айтып тұрмын?! - деп зіркілдейді... орысша. "Я кәму скәзал?!...Ну-ка дабай нәзәт?!..." Жоқ жерден бөгетке тап болған жұрт абыр-сабыр. Көлігімізді қойғаннан кейін Досекең жол ортасындағы "жарты құдайға" турасынан тартты. Барып бір ауыз ескерту жасады. Ау, елдің қақ ортасында, кіл қазаққа неге орысша сөйлеп отырсыңдар, ең құрығанда анада-санда ана тілдеріңді араластырсаңдаршы дейді ғой баяғы. Анау екі көзі аларып атып шыққаны... Атып шыққанда көзі көк, шикілсары біреу екен демеңіздер, көзі де, өзі де қара, қара болғанда да шойқара қазақ капитан. Қай тілде сөйлейтінімді өзім білемін! - дейді. Доскең: Әй, сен қай елде, кімнің жерінде тұрсың? - дейді.

- Қазақша сөйлесем басқалар түсінбейді, - дейді ғой қара қазақ.

- Ал мен орысша түсінбеймін? Сонда басқалар қазақша ұқпаса болады да, мен орысша түсінбесем қылмыс па?

- Түсінесіз. Маған ақыл айтпай барыңыз. Өзім білемін!

Ана полицияның бетіндегі бедірейген бетсіздікке үнсіз қарап тұрған мен де шыдамай әңгімеге араластым:

- Өзің білмейсің. Сен мемлекеттік қызметшісің, маған мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттісің, - дедім ашудан тұтығып қалған Досекеңді былай ығыстырып. Біз екеулегеннен кейін анау басылайын деді.

- Енді біздің елде қайсысы үлкен тіл екенін білесіз ғой...

Мұнысын Досекең естімеді, ол бұрқ-сарқ етіп кетіп бара жатыр еді. Мен полицейге жирене қарадым:

 - Бәсе, үлкен тілің аузыңа сыймай тұр екен.

Теріс бұрылды.

Негізі ол шынын айтып тұр, Қазақстан полициясы орысша сөйлейді. Жол полициясы, көшедегі патруль бәрінің рациясы орысша сарнап тұрады. Үлкендері команданы орысша береді, олардың да үлкендері сөйтеді, солай үлкен жағалап кете береді. Ауылда қой бағып, шөп шауып жүріп қалаға кеше ғана келген балаға сол үлкендерге еліктеу - мәртебе. Үлкендер тілінде сөйлегісі келеді, "Слүшай, кәмәндір экипажа, ты дауай, кәмәнді быпалнәй" деп үлкен болғысы келеді, көшедегі қазаққа: "Ей, меліш, а-ну, иди әтсөда" деп жекігісі келеді... Оларға қазақтың тілі ғана емес, өзі де кішкентай. Кішкентайдың тілін де, өзін де елемеуге болады. Қазаққа құм секілді қарайды, ұсақ-түйек. Тілдеуге, жекуге, сүйреуге болады. Ал басқалар - кесек. Сондықтан үш кесек-кемпір құмдардың ең ірі түйірі Әлиханды бөгеп, атына көше бергізбей тастайды, орыс тілді оқулықтан қате шықса министрің кесек ата-аналар алдына бүрісіп барады. Басқаны былай қойғанда дәл осы күні кей әріптестерім 15-20 жылдық жүрісінен жаңылып ФБда орысша жазатын болып жүр. Орысша сөйлеп, жаза аламын, - деген қайта мақтанышқа айналды. Құмдықтан, құлдықтан құтылып кесек болуды армандайды ғой, қайтсін...

Досекең ұзаққа дейін басыла алмады, бұрқылдап жүрді. Үндемедім. Ана полицейдің түк ұқпағанын екеуміздің де ішіміз сезеді.


Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1114    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 11:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қаңтар, 12:10
    Күйдірдің ғой ит-ай!
    31 Желтоқсан 2019
    Әкім болудан қорқамын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31