Сен тұр - мен айтайын!

Өмір қатал болғанмен өнер (әдебиет) еш қатал болмауы керек қой...

  • Өмір қатал болғанмен өнер (әдебиет) еш қатал болмауы керек қой...

    Өмір қатал болғанмен өнер (әдебиет) еш қатал болмауы керек қой...

...1937 жылы Германия көрмесіне мүмкіндігі шектеулі (мүгедектер мен ергежей) жандардың небір бейнесін тақырып еткен туындылар топтамасы қойылады ғой. Гитлерге бұл көрме аса ұнамаса керек, бірден ашуға бой алдырады.
«Біз өнерде тек сау дененің ғана салтанат құрғанын қалаймыз. Нацистер қашанда сымбатты да сұлу болуы керек. Бұл шындап келгенде азғындықты ғана насихаттау» деп жалпыхалықтық ұран тастайды. Бұл ұран енді сөз жүзінде ғана қалып қоймай, дене тұрқында дефектісі (ақауы) бар 200 000 астам адам осы идеяның негізінде ажал құшады. Көрмеге әйгілі суретші Эрнст Людвиг Кирхнердің де «Жауынгерлердің автопортреті» (Self-Portrait as a Soldier) атты туындысы қойылған болатын (Оқ жұлып кеткен қолды қасапхана мен жалаңаш әйел бейнесінде ишаралаған сурет көрменің ең негізгі төрінен орын алған-тұғын). Осы туындысы бір басына сор болып жабысқан суретшінің бұдан өзге де
600-ден астам туындысы түгелдей дерлік тәркіленді. Мұндай қатыгез шешімге шыдамаған суретші ақыры өз-өзіне қол жұмсап, 1938 жылы дүниеден озады.
Жалпы жер жүзінде мүмкіндігі шектеулі жандарды өз шығармасына бұлжымас тақырыбы еткен авторлар легі көп емес десек те болады. Мұндай мысалға ілкідегі Диего Веласкестің ергежей жандарды бейнеленген кей туындылары мен Пабло Пикассоның «Қуыршақ ұстаған Майя» (Maya with a Doll) атты кубтық портретінде остеогенезбен сырқаттанған сәби суретін атап өтеуге болады.
Хош... Бұл енді кешегі кеп қой...
Сурет өнерін сөз етпегенде қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі тақырыбы әдемі қыздар мен ұлт қаһармандарына толы. Шындап келгенде кемтар жандардың қораш тағдыры кімдерді енді қызықтыра қойсын (Он екі мүшеміз сау бола тұра өмірдегі әлі өз орынымызды таппай сандалып жүргенде "кемтарлығыңды" енді біреудің кешіре қоюы да екіталай дүние).
...ДЕСЕК ТЕ ӨМІР ҚАТАЛ БОЛҒАНМЕН ӨНЕР (әдебиет) ЕШ ҚАТАЛ БОЛМАУЫ КЕРЕК ҚОЙ.
Осы жерде жалпы оқырманға қаратып мынадай бір сауал қойсам ба деймін.
БІР АЯҒЫ Я БІР ҚОЛЫ КЕМ АДАМДЫ КҮНДЕ КӨРІП ЖҮРГЕНІМІЗБЕН БІР ТАМШЫ ДА АР-ҰЯТЫ ЖОҚ АДАМДЫ КЕМТАРДЫҢ САНАТЫНА КІМ ЖАТҚЫЗЫП ОТЫР?
Міне, мәселенің ең үлкені де осы жерде жатыр ғой...

Ықылас Ожайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 931    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 09:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30