Сен тұр - мен айтайын!

Осы дәрігерлердің алдымен ойлау қабілетін жөндеу керек!

  • Осы дәрігерлердің алдымен ойлау қабілетін жөндеу керек!

    Осы дәрігерлердің алдымен ойлау қабілетін жөндеу керек!

Осы емханалардың міндеті не? Қағаз жазу ма әлде адамның жүйкесін жұқарту ма? Әлде шала диагноз қойып, адамды бір сөзбен өлтіру ме?

 

Эндокринолог анкологқа жіберді. Ол бір анализ тапсыруға жіберді. Бір аптададан кейін қайтып кел, анализің нәтижесіне қарай айтамын деді. Бүгін барсам не үшін мені шақырғанын білмейді. Анализдің қорытындысы жоқ. "Бізде ондай-ондай болып тұрады. Организациялар жиі ауысады" дейді. Оған ауырып жүрген адамдар неге уақытын өткізу керек? Сау адам тектен тек емхананы жағаламайды!

 

Сөзіне дым түсінбеген соң "енді не істеуім керек" десем, "ракқа тексерілем десеңіз биопсия алуға жіберейін" дейді. Түк түсінбедім.Сонда мен оған ракпын деп келіп тұрған сияқтымын.

 

Осы дәрігерлердің алдымен ойлау қабілетін жөндеу керек! Одан кейін науқаспен қалай сөйлесу керектін үйрету керек. Тілдері жаман өздерінің. Бірақ сөзбен түйреп, жаныңды күйретіп жібереді.

 

Эндокринолог айтады, "осы уақытқа дейін неге қаралмағансыз?".  Айналайындар-ау, жылына бірнеше рет узиге түсіріп апарып жүрмін ғой, 18 жыл болды. Бір түйір дәрі бермедіңдер ғой. Енді ауру асқынғанда жаңалық ашып отырсыңдар. Мен де қайтпаймын жылда узиге түсіп, жылда неше түрлі анализ тапсырамын.

 

Жалпы біздің елде "эндокринолог"  маманандығы дамымаған. Болған да емес. Сонау Алматыдан бері қаралып келе жатырмын ғой. Біреуі пәтуәлі сөз айтқан емес. Жай міңгірлейді. Кезінде ЖОО ілініп-салынып бітіргендер.  Рахмет бұл елдің медицинасына. Қағаз толтырып жүре беріңдер. Дамыған елдердің қатарына қиялмен кіріп, ойша бірінші орынды алып жүрген боларсыңдар. Рахмет!

 

Мен сияқты сандалып жүргендерді белгіле. Бірге сандалайық!

 

Айтпақшы былтыр бір дәрігерім айтқан "дұрыстап қараламын десең, платныйға бар" деп.  Оның да сөзінің жаны бар сияқты...

 

 

 

Толқын Сұлтанова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2492    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.08.2021, 11:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31