Сен тұр - мен айтайын!

Осы шайқасты кей арабқұлдар түркілерді арабтардың жеңгені ретінде көрсетіп жүр

  • Осы шайқасты кей арабқұлдар түркілерді арабтардың жеңгені ретінде көрсетіп жүр

    Осы шайқасты кей арабқұлдар түркілерді арабтардың жеңгені ретінде көрсетіп жүр

Арнайы арабқұлдар үшін(арабқұлдықты дінмен шатастырмаңыз). Тұп-тура 760 жыл бұрын, 1260 жылы, 3-қыркүйекте Айн-Джалудта ірі шайқас болды. Құлағу ханның қолбасшыларының бірі болған найман Кетбұға мен қыпшақ Құтыз, Бейбарыстар бастаған мәмлүктер әскері Палестина құмында кездесті. Қиян-кескі шайқас болды. Бір күнге созылған шайқаста мәмлүктердің күші басым түсіп, Кетбұға әскері жеңіліс тапты. Соңына дейін шайқасқан қолбасшы Кетбұға қолға түсіп, басы алынды.
Қазіргі таңда осы шайқасты кей арабқұлдар түркілерді арабтардың жеңгені ретінде көрсетіп жүр. Тіпті оны діннің арқасында деп те әспеттеп қояды. "Ех" дейсің еріксіз іштен.
Бұл шайқас араб пен түркінің шайқасы емес, бұл шайқас түркі мен түркінің шайқасы еді. Өйткені Кетбұға әскерін қазіргі түркі халықтарының құрамындағы тайпалар құрады. Өзі найман екені де соның дәлелі. Ал қарсылас әскердің басым бөлігі қыпшақтардан тұрды. Аз-маз араб, күрдтер болғаны рас. Әйгілі Бейбарыс пен Құтыз да сол негіздегі тамырында түркі қаны ағып жатқан жандар болатын. Оны жақсы білеміз. Демек Айн-Джалудта түркі мен түркі шайқасы болды.
Сондықтан атты әскерді қолдану, бетпе-бет шайқастағы әскери қимыл ұқсас келді. Нәтижесін білеміз.

Оған дейін Құлағу әскері таза арабтар тұрған Бағдатқа барып, 1 млн халқы мен сансыз әскері бар халиф әл-Мүстасимді талқандап, Аббасид халифатын құлатып, халифты аштан қатырған болатын. Әрине, Бағдатты алу барысында құнды жәдігерлер тоналып, кітапханалар өртенді. Бірақ бұл шайқаста араб пен түркілердің қайсысы әскери өнерге машық екені анық көрінді. Ал Айн-Джалуд мүлде бөлек.
Өз басым Кетбұғаны да, Бейбарыс пен Құтызды да құрмет тұтамын. Бейбарыс пен Құтыз кейін өзара жауласатыны тағы бар. Үшеуі де тарихта ойып орын алған тұлғалар. Үшеуі бұ дүниеде жау болғанмен, о дүниеде дәп қазір қымыз ішіп, әңгіме соғып, 760 жыл бұрынғы шайқасты еске алып отырған шығар. "Басымды алып тастағаның болмады" деп қойып жатқан шығар.

 

 

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2399    Пікірлер: 0

сенбі, 05.09.2020, 21:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31