Сен тұр - мен айтайын!

Осылайша бүкіл Қазақстанды ұйқыға үреймен жатқызып, қорқынышпен оятып алудамыз

  • Осылайша бүкіл Қазақстанды ұйқыға үреймен жатқызып, қорқынышпен оятып алудамыз

    Осылайша бүкіл Қазақстанды ұйқыға үреймен жатқызып, қорқынышпен оятып алудамыз

Құрметті дәрігерлер!

 

Құрметті телеарнадағы әріптестер!

 

Ковидпен ауырып қалғандардың бәрі бірдей қайтыс болып жатқан жоқ қой, басым көпшілігі жазылып шығып жатыр. Солай емес пе?!

 

Ендеше, жазылып шығып жатқандарға неге эфирден көбірек орын бермеске?! Соларды көрген, соларды тыңдаған адамдарда ауруды жеңуге деген сенім, өмірге деген құлшыныс пайда болмай ма?! Кез келген жақсы хабар адамды жігерлендірмей ме?!

 

Ал, біз "маска тақпағандардың, вакцина алмағандардың бәрі қырылып жатыр" дегеннің төңірегіндегі ақпараттарды күндіз-түні адамдардың миына тықпалап жатырмыз.

 

Осылайша бүкіл Қазақстанды ұйқыға үреймен жатқызып, ұйқыдан қорқынышпен оятып алудамыз. Мына өмір қорқынышты болып кетті...

 

Бүгін-ертең үзілейін деп жатқан адамның көңілін сұрап келген үлкендер әлгінің ұзамайтынын сезіп тұрса да "реңіңіз жақсы ғой, Құда қаласа, тұрып кетесіз" деп жігер беріп жататын. Солардың ішінде ауруынан құлан-таза айығып, тұрып кететіндер де кездесетін.

 

Ал, біз "ковид мутацияға ұшырап жатыр, алмай тынбайды-ау, пәленінші толқыны түген айда келмекші" деп шауып жүрген адамдардың өзін уайымның шым түбіне батырып жіберіп жатқан сияқтымыз.

 

Уайымы бар адамда жігер бола ма?

 

Жігері жоқ адамға ауру үйір болмай ма?!

 

Ойланайық та...

 

 

 

Абай Балажан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4737    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.08.2021, 18:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31