Осындай елміз әзірге...

08 тамыз 2022, 14:00

Өткенде есіктің алдындағы блатной Мята кафе жайлы пост жазып едім ғой. Тура есіктің алдында балалардың көзінше кальян шегіп, пиво ішіп отыратындар.

 

Мен әр жаққа запрос жіберген едім. Содан маған қалалық архитектурныйдан хабарласты.

 

Айтулары бойынша ол жерге кафе соғуға рұқсат сұраған, бірақ архитектурный рұқсат бермеген екен. Ол кафенің ол жерде туруы заңсыз деді.

 

Өзім де солай ойлағанмын.

 

Сіз КСК мен әкімдікке хабарлассаңыз солар мәселені шешеді деді. Содан Рахимбаев Айдын-тың компаниясындағы БиАй Сервиске хабарласқанмын. Олар біздің домнан 5 метр ары ночной клуб соғып, тойхана соқса да біздің шаруамыз жоқ дейді.

 

Есіл Ауданының Әкімдігі-не баяғыдан боти. Оларға мынау заңсыз кафе десең де үндемейді.

 

Ошым КСК анаған, анаусы мынаған сілтейді. Екі ортада рұқсаты жоқ кафе білген боғын жейді.

 

Осындай елміз әзірге.

 

 

Сабит Рысбаев

Фейсбуктегі парақшасынан