Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Осындай оңбағандардың цехына кіріп барып өртеп жіберер ме еді?!

04 тамыз 2022, 15:30

Біздің халыққа ешкім жау емес! Соңғы отыз жылда біздің халыққа өзімізден басқа ешкімде осындай деңгейде ешқандай қиянат жасаған емес! Бізге ешқандай да жаудың керегі жоқ! Өзіміздің арамызда қазақ халқы үшін өте қауіпті жауыздар жүр!

 

Бізге қиянат жасап жүргендер билікті отыз жыл басқарған отбасы ғана емес, қарапайым санаттағы қанағатсыз спикулянт саудагерлер де қазақтың маңдайындағы үлкен қасіреті!

 

Бүкіл әлем ковидтен қырылып жан алысып, жан берісіп жатқанда, ешқандай елдің саудагерлері масканы тығып қойып жүз есе бағамен сатқан жоқ!

 

Ешқандай ел далада иттің астында жатқан хренді екі мың теңгеден сатқан жоқ! Ешқандай елде, не тапшы болса, соны 10 есе бағамен сатпайды!

 

Қанттың бағасы неге қымбат?  Ақшасы бар саудагерлер қант 300 теңге болып тұрғанда вагонымен түсіріп алып, 1000 теңге болғанда сатамыз деп отқандар бар! Қамасын соларды!

 

Кеше ғана 25 теңге болып тұрған дәптер мектеп басталарды 75 теңге!  Осындай оңбағандардың цехына кіріп барып өртеп жіберер ме еді?!

 

Онсызда енді басылған халықтың қытығына, осындай есектердің іс-әрекеті тиеді! Біздің дамуымызға орасан зор кедергі келтіріп отқан солар! Қазақ қазақ болғалы байлардан көрдік-ау көресіні! Әкелерінің дамбалдарында ақ таңдақ болып қатып қалмаған екен кездерінде! Қараша халықтың соры болмай!

 

Мына биліктің басында отқан 15 министрді наскише ауыстыра бергеннен мүйіз шықпайды, мынадай халық жаулары халық арасында жүргенде!

 

Осы бізге бірінші кезекте билікпен емес, спикулянттармен күресу керек-ау?! Биліктегілер онсызда бір-бірін жейді!

 

 

Қайрат Шайхиев

Фейсбуктегі парақшасынан