Сен тұр - мен айтайын!

Осындай шара арқылы біз газет-журнал, кітап оқитын жас ұрпақты қалыптастырамыз

  • Осындай шара арқылы біз газет-журнал, кітап оқитын жас ұрпақты қалыптастырамыз

    Осындай шара арқылы біз газет-журнал, кітап оқитын жас ұрпақты қалыптастырамыз

Cенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің тікелей бастамасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мырзамен кездесу болды. Кездесуде аз қамтылған отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік пакетті енгізу мәселелері талқыланды.
Былтыр осы «Атаулы әлеуметтік көмек» туралы Заң жобасын зерделеу ісіне жауапты болдым. Аз уақытта көп нәрсе жасалды. Осы ретте Әлеуметтік қауіпсіздік туралы, Әлеуметтік қызмет порталының жұмысы туралы, жақында ғана Президент Жолдауында айтылған «Әлеуметтік әмиян» қалыптастыру туралы бастамаларды қолдаймын.
Біз әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдары топтамасын ұсынып отырмыз. Бұл &ndash табиғи қорек. Ал рухани азықты ойластырдық па?
Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар газет-журналдарға жазыла алмайды. Бізге неге Ақпарат, Еңбек, Білім министрліктерінің күш біріктіруімен «Балдырған» журналын, сондай-ақ «Ұлан» газетін жаңағы осал топтарға жаздыртып беру ісін ұйымдастырмасқа?!
Осындай іргелі шараны жүзеге асыру арқылы біз газет-журнал, кітап оқитын жас ұрпақты қалыптастырамыз. Олар Оқу мәдениетіне үйренеді. Келешекте білімге, ғылымға құмар азаматтар болып өседі. Отансүйгіш сезімі ерте қалыптасады. Көзі ашық, көкірегі ояу Қазақстан азаматтарының қатары артады. Осы мәселеге мықтап көңіл бөлген дұрыс!, - деген ұсыныс жасадым.

Нұртөре Жүсіп

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 655    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 09:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31