Сен тұр - мен айтайын!

Осыншама адамның бəрі коронавирустан таза дегенге кепілдік беретін жан бар ма?

  • Осыншама адамның бəрі коронавирустан таза дегенге кепілдік беретін жан бар ма?

    Осыншама адамның бəрі коронавирустан таза дегенге кепілдік беретін жан бар ма?

Əттең тонның келтесі! Қысқа жіп күрмеуге келмейді. Бір айда Қытайдан Қазақстанға кірген 25 585 адамның бəрін оқшаулауға орын қайсы? Солардың бəрін үйіне жіберіп алып, артынша іздеу салмай, бəлкім ең болмаса келген мезетте анализ алу керек пе еді. Бірақ соның бəрін короновирустан тексеретін тест бар ма бізде? Бар болса, неге солай жасалмады? Енді не болады? Осыншама адамның бəрі коронавирустан таза дегенге кепілдік беретін жан бар ма?

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай жариялады. Ендігі жерде ең болмаса уақытша мектептердегі оқуды тоқтата тұрса болмас па? Маска жетпей жатқаны анау. Көп болса жазғы демалыс кезінде оқуды жалғастырар. Театрлар мен кинотеатрлардың жұмысын да тоқтату керек шығар. Онсыз да адам шоғырланған жерлерге барудан сақтандырып жатқан жоқ па? Адам бармаса мəдениет орындарының ашықтығынан не пайда? Барлық сақтандыру шараларын жеке адамның өз иығына ғана жүктеп қоймай мемлекеттік деңгейде де шаралар атқарылуы тиіс қой.

Гүлмәрия Барманбекова
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 311    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.02.2020, 08:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30