Сен тұр - мен айтайын!

Өзі де ертегіге сенетін қоғамбыз ғой негізі

  • Өзі де ертегіге сенетін қоғамбыз ғой негізі

    Өзі де ертегіге сенетін қоғамбыз ғой негізі

Қайрат Түнтековтей қазақтың керемет талантты ұлы бар. Жақында берген сұхбатын көріп шықтым. Өнер адамы. Азды-көпті сынды жүрегіне қатты алатын мінезі бар екенін өзі де айтып отыр. Қарапайым отбасыдан шыққан бала. Асып-тасыған ештеңесі жоқ.
Қайрат өз өнерімен көтеріліп келе жатады. Қазіргі Димаштың айтып жүрген француз әндерін ең алғаш қазақтың орындауында Қайраттан естідім өз басым. Қызық 2012 жылы басталады. Көшеде көлігімен кетіп бара жатады. Екінші көлікті соғып кетеді. Содан біздің қоғамда үлкен дау болды. Резонанс тудырды. “Қайрат Түнтеков көлік соғып кетіпті” деген әңгіме желдей есті. Айыптады. Жамандады. Тура бір қалған халық бәріміз көлік соқпай, өмір бойы түп-түзу, тәртіпті жолмен жүретіндей образға ендік. Әлі есімде сол кездер... Кәдімгідей ел болып көлік соққан жағдайдан тура мағынасында “Жағамызды ұстадық” қой.
Қайратқа 60 мың доллар айыппұл салған. Көлік соққаны үшін салынған айыппұл тағы бар. Барлық қарызын 2018 жылы жауып құтылдым дейді. Ел ішіндегі желдей ескен әңгімені жүрегіне алған әнші микроинсульт та алған. Жап-жас жігітті сындырдық қой қысқасы.
Қазір ойлап қарасам менің өзім студент кезде көлігімді 3 рет соғыппын. Жобамен Қайратпен шамалас уақытта соғылған. Менің айналамдағы жора-жолдастарымның да бір-екі рет көлік соққан кездері болған. Өзіміз де көлік соқтық неге резонанс тудырмадық? Бәріміз бір реттен болсын көлігімізді соқтық қой. Талантты неге сонша табаладық?..
Негізі қателіктің құны тым ауыр қоғамбыз. Пәк, таза, идеал, ертегідегідей адам керек бізге. Өзі де ертегіге сенетін қоғамбыз ғой негізі. Осы бала қоғамның деңгейінен өспесек әлі талай таланттарды болмашы дүние үшін сағын сындырып бітіреміз-ау...
Менің таң қалатыным әншілер қауымы Қайратқа деп қаржылай көмек жинағаны есімде. Күлкілі сумма жиналған. 2012 жыл дегенің той бизнестің ұрып тұрған кезі. Үзеңгілес достарын құтқарып қалатындай шама да бар. Бірақ олай болмады. Қазір сол әншілер елдің алдында ақыл айтып жүр. Халық та соларды тыңдап келеді.
Жалпы қоғамды, ортаны таныған жақсы. Қателіктен сақтанасың. Реалист боласың. Қателіктен ешкім сақтанбаған ғой өмірде. Бірақ реализм қателікті айналып өтуге көмектеседі. Ал, болмашы қателіктің құны тым ауыр қоғамбыз. Идеальный образ керек. Қиналып қалсаң аузыңа су тамызатындар аз не мүлдем жоқ. Мұның бәрі реализм. Қорытынды жасауға жақсы дүние.




Көрілген: 1903    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.05.2021, 22:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31