Ойбай не дейсің Өзбекстан дамып кетті. Біз қалып кеттік деген сөз бос сөз ба дим. Қайбір жылы Ташкент пен Самарқандқа барып қайтқанбыз. Жемқорлықтары бізден өткен. Ет, киім кешек, тәтті пәтті, ұн, бензин бәрі қымбат. Арзан тек кафеден ішетін тамақ пен таксиді ғана көрдім. Айлықтары бізден неше есе төмен. Зейнетақы анау мынаулары мүлдем аз болатын.
Әрине Өзбекстан дамып кетсе тек қуанар едім. Біз Өзбекстанға барып гастарбайтер болатындай дамып кетсе қанекей.
Көрші елдер дамыса, байыса қасындағы сіңір елдерге міндетті түрде жақсы жағынан тиімді. Әзірге керісінше болып тұр.
Өзбектер бізге турист ретінде тіркеліп қара жұмыс жасайды. Ол нарықтағы жергілікті халықтың айлығын түсіреді. Сіңір елдің зияны көбірек.
Біздің айналамызда кілең сіңір елдер. Ресей де бара бара сіңірге айналады. Қытай жабық ел.
Географиялық жағынан біртүрлі жерде орналасқанбыз ғой негізі.
Сабит Рысбаев
Фейсбуктегі парақшасынан