Сен тұр - мен айтайын!

Өзгелер салған ізбен, басқалар жазған заңмен жүргенге үйреніп қалғанбыз

  • Өзгелер салған ізбен, басқалар жазған заңмен жүргенге үйреніп қалғанбыз

    Өзгелер салған ізбен, басқалар жазған заңмен жүргенге үйреніп қалғанбыз

Кеше көрген қойылым ауыр болды. Балет деген - биік өнер ғой. Бәрін бимен ұғындырады. Әшейін фонограммамен сайрап кеткендерге емес, екі сағат бойы өкшені көтеріп билейтін нағыз сахнаның саңлақтарына қойылым біте салысымен түрегеп тұрып қол соғатынмын. Бұл жолы ойдың терең тұңғиығына тастай салды да, отырған күйімде қозғалмай қалыппын. Жанымдағы көрерменнің тік тұрып қол шапалақтағаны көзіме түскенде барып қойылымның біткенін білдім.
«Осы уақыт қашанға дейін созылады?» деп аталған қойылымда ойы, көзқарасы ұқсас, болашаққа бірге қарағысы келетін жұптар мен адамдар тобының ортасына уақыт түседі. Олар қанша бірге болуды қаласа да уақыт айырып отырады. Уақыттың алдында көбі әлсіз, соның дегеніне беріле салады. Нарықтық қоғам мен өзімшілдікке құрылған идеологияда дәл осы құбылыс үйреншікті жағдайға айналған. Ең өкініштісі осы. «Неге?» дерсіз. Иә, несі өкінішті? Заңдылық қой.
Заңдылықты да жасайтын заманның өзі. Бірақ біз бұған немқұрайлы қараймыз. Өйткені өзгелер салған ізбен, басқалар жазған заңмен жүргенге үйреніп қалғанбыз. Бұл өзгерсе, трагедия.
Байқайсыз ба, біз үшін бәрі уақытша. Позиция да, көзқарас та, белсенділік те, жәрдем де, демеу де, сыйластық та уақытша. Қызығы басылғанда көбі қалады. Принциптері өзінікінен басқаша бастық болғанда позиция; өзгенің ойымен жүргенде көзқарас; бір жетістікке жеткенде жәрдем беру; есегі судан өткен де демеу; көңіл қалғанда сыйластық та уақытша. Неліктен? Себебі уақытша нәрсенің бәрі бір-біріне деген байланысты бекітуге емес, жеке индивидтің ғана эгосын қанағаттандыруға құрылған.
Бір апайды білемін, ұзақ жылдар бойы облыстың атқамінерлерімен шайқасып жүріп, осыдан қанша жыл бұрын маған айтқан мақсатына жақында жетті. Ал сол діттігеніне жеткенше оның белсенділігі бәсеңдемеді, ұстанымы уақытша болмады. Оның көздегені - жергілікті халықтың да көңілде жүргені еді.
Бір ағаны білемін, өзі көмектесіп жүрген отбасын аяққа тұрғызса, келесіге көшеді. Мен жақын таныған жылдардың бәрінде осы ісінің уақытша емесіне көзім жетті. Оның көздегені - өзге отбасылардың да күні-түні сұрағаны, қалауы еді.
Жары еркелікпен яки білместікпен көңілін қалдырса да, жолдасы (әдейі емес) табыс таппай қалса да бір-біріне деген сыйластықтан айнымаған жұптарды білемін. Олардың көздегені - бір-біріне өмірін арнау еді.
Мұндай болмысына берік жандар аз, бірақ ең ғажабы тек солар қоғамға өзгеріс, санаға төңкеріс жасай алады. Бірақ біріксе ғана.
Идеология да сол секілді, жалғыз адамға емес, ойы, мұраты, көздегені бірдей адамдар тобының мүддесіне құрылса, ешқашан уақытша болмайды. Неше ұрпақ алмасып, қанша заман көшсе де халықпен бірге жүреді.

Айдана Шотбайқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 759    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 09:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28