Сен тұр - мен айтайын!

Өзгенің азғындығына шыдай беру керек деп кім айтты?

  • Өзгенің азғындығына шыдай беру керек деп кім айтты?

    Өзгенің азғындығына шыдай беру керек деп кім айтты?

Кетісу

«Егер әйел сенен оп-оңай бас тартса, онда сені ешқашан сүймегені» деген сөзді көп естимін. Кешірерсіз... Сіз әйелге кетісудің оңай әлде қиын болғанын қайдан білесіз? Мәңгілікке қоштасып тұрып не сезінгені түсіңізге де кірмес. Қайғыдан қан жұтып, іштей тас түйін бекінген болар. Еріні қанағанша тістеніп, күйіктен өкіріп жылаған болар? Бәлкім, сіздің енді оған жоқ екеніңізді түсінгенде, өліп-тірілген шығар??? Сізді жүрегінен жұлып алып тастайтын сәтте не сезінгенін қайдан білесіз? Сүйгендерден кетпейді дейсіз бе? Бос сөз. Мұндай логикамен адамға қалаған иттігін жасап, ол шыдап-төзеді дегенге тіреп қойғысы келетіндер бар боп тұр ғой. Өзгенің азғындығына шыдай беру керек деп кім айтты? Дұрыс. Керек емес. Бірақ мұндай қадамға әркім бара бермейді. Шындап келгенде әр адам кетісуге дайын болатын сәтті бастан кешіреді. Шын сүйгендерден де кетіседі. Егер сіздің махаббатқа жауап болмаса, кетісесіз. Егер өзіңізге құрметті сезінбесеңіз, кетісесіз. Егер өзіңізді оған керек сезінбесеңіз, амал не, кетесіз. Ерік-жігеріңізді жұдырыққа түйесіз де, теріс айналасыз. Жұдырыққа түйген тырнақтарыңыз алақаныңызды қанатқанша қатаясыз. Жастықты құшақтап түнімен жылағаннан шаршағанда кетесіз. Жаныңызға дерт байлаған, ауру тәуелділіктен қашасыз. Бірге болудың мәні кеткенде – кетісесіз. Себебі, бірге болу – дертті үдетеді, жанды қинайды.
Бар батылдығын жинап, ерімен кетіскен әйелді ешқашан жазғырмаңыз. Оның неге кетіскенін сіз білмейсіз ғой. Бәлкім, ол жан-жүрегімен сүйгенде сезіміне аяғын сүрткендер болған шығар. Кетіскеннен басқа амалы қалмаған шығар. Әйелдің өз еркімен кетісуі өте сирек. Ол біреуге ғашық болғаннан, жеңілтектіктен кетпейді. Ол сезімінің қолжаулық болғанын көтере алмайтын сатыға жеткенде кетіседі.
Ақырында ақша ешкімді де бақытты қылмайды. Өмірдің соңына таяғанда ғана жүрек бос қалғанын байқайды. Өмір текке өткенін түсінеді...

Маргарита Булгакова

Shynar Ábilda

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1492    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 11:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31