Өзіміздің балалардың аузынан жырып неге шетелдік футболшыларды асырауымыз керек?
Қайбір жылы Шымкентте болғанымда жұма намазға бардым. Мешіттен шыға бергенде жас қазақ балалар аға ақша беріңізші деп қайыр сұрап жүрді.
 
Аналарды көріп жылағым келді. Әрине ешкім еріккеннен сұрамайды, жетіспеушіліктен барады.
 
Осындай жағдайда отырған қалада жылда Ордабасы деген клубқа қалалық бюджет есебінен қалай ғана миллиардтар бөлінеді Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Shyńǵys Muqan мырза?
 
Өзіміздің балалардың аузынан жырып неге шетелдік футболшыларды асырауымыз керек?
 
Қашан осындай бассыздық тоқтайды?
 
Сіз оқып келген Америкада қалалық бюджет шетелдің футболшыларына ақша бөлуші ма еді?
 
Өткенде де сұрағанымда жауап бермедіңіз?
 
Президентіміз Тоқаев мырза мұндайды тоқтатыңдар демеп па еді?
 
Себебін түсіндіріп беріңізші біз сияқты қарапайым Шымкенттің жанашырларына.
 
Осымен екінші рет сұрап жатырмын.
 
Неге жауап бермейсіз?
 
 
 
Сабит Рысбаев
Фейсбуктегі парақшасынан