Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Проблема жемқорлық жүйеде

14 қараша 2021, 14:45

Проблема жемқорлық жүйеде. Қанша жерден Зидан, Гвардиоланы Қазақстанға жаттықтырушы қылсаң да, футболымызды дамытып жібере алмайды. Жемқорлық жүйенің асқынғаны соншалық, Марадона, Месси, Роналду сияқты балалар Қазақстанда туылса, олар сөзсіз Марадона, Месси, Роналду бола алмас еді. Бұл жемқорлық қаншама Месси мен Роналдуды «өлтіргені» бір Құдайға аян. Футбол басшылығындағылар 30 жыл бойы «бюджетіміз Еуропа деңгейіне жетпейді» деді. Халқының саны 4 млн. экономикасы бізден 3 есе кішкентай, лигасы 1991 жылы құрылған, 1995 жылға дейін соғыс өртіне оранған – Хорватия өткен жылы әлемнің футбол державаларын күйрете отырып әлем чемпионатында финалға шықты. Алпауыт Франциямен тең деңгейде ойын көрсетті. Бюджеті әлемнің 50 еліне кірмесе де, футболының даму деңгейі әлемнің топ 10-дығына кіреді. Хорватия – футболды ақшасыз да ойнауға, дамытуға болатынын дәлелдеген ел.

Фейсбуктегі парақшасынан