Сен тұр - мен айтайын!

Саяси тұтқындардың түрме әкімшілігі мен олардың қолшоқпарларына қарсы шыққанын бірінші рет көрдім

  • Саяси тұтқындардың түрме әкімшілігі мен олардың қолшоқпарларына қарсы шыққанын бірінші рет көрдім

    Саяси тұтқындардың түрме әкімшілігі мен олардың қолшоқпарларына қарсы шыққанын бірінші рет көрдім

Дмитрий Быстролетов деген орыстың жазушысы кезінде КСРО-ның шетелдегі ең мықты агенттерінің бірі болыпты. 1938 жылғы науқан кезінде оны да тұтқынға алып, 20 жылға түрмеге айдалып кетеді. Түрмеде жүргенде «Пир бессмертных» деген кітап жазады. Ол кітапта түрмедегі екі топтың – ұры-қарылар (воровской мир) мен саяси тұтқындардың арасындағы қақтығысты баяндаған. Сталиннің заманында интеллигенттерге қай-қайдағы жаланы жауып, бәрін топырлатып түрмеге айдағанын білесіздер ғой?! Түрмеге түскен кезде сол зиялылар сырын білмейтін жерге – қылмыс әлеміндегілердің ортасына топ ете түсетін. Лагердің әкімшілігімен ауыз жаласқан бандиттер әлгі зиялыларды бірден ортаға алып, «сындыруға» тырысатын. Түрмеге түскен талай зиялыны олар сөйтіп айтқанына көндіріп, айдағанына жүргізген екен. Сондай күндердің бірінде, түрмеге саяси тұтқындардың тағы бір үшінші тобы – қазақ интеллигенттері - инженерлер, жазушылар, дәрігерлер, мұғалімдер, суретшілер келіп түсіпті. Олар да алдында келгендердің кебін киетін шығар деп бәрі елеңдеп отырады. Қазақтар жүктерін бір жерге әкеп жиып, өздері соның айналасында демалып отырады. Кешке қарай қазақтар жатқан жерге «ворлар» келіп, оларға да түртпектеп тиіспекші болғанда қазақтар әлгілердің әкесін танытып, быт-шытын шығарып қуып жіберіпті. Өмірі беті қайтып көрмеген ұры-қарылар қазақтардан сөйтіп оңбай таяқ жейді. Ертеңінде түрме әкімшілігі қазақтарға бір баракты босатып беріп, бәрі сонда барып (ұйымшыл болған) тұрыпты. «16 жыл бойы түрмеде жатқан кезімде, саяси тұтқындардың түрменің әкімшілігі мен олардың қолшоқпарларына қарсы шыққанын бірінші рет көрдім!», - деп таңғалып жазыпты жазушы кітапта. Орыстың криминал («ворлар») әлемінің тұрпайы таным-түсінігін қабылдамаған нағыз мұсылман қазақтар ғой, шіркін!

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1453    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 10:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31