Сен тұр - мен айтайын!

Сенсіз де қазақты жік-жікке бөлгісі келетін суық күштер көп

  • Руслан Қожағұл

    Руслан Қожағұл

Парадокс! Бірақ, әрбір қазақ – өз ана тілінің өз қоғамында сұранысқа ие екендін дәлелдеуге тиіс. Бірақ. Бірақтың түбі – бірақ...

Сондықтан қай жерде де өз тіліңде сөйле. Қоғамдық жерлерде – сыпайы өтін, ресми орындарда – талап ет! Бірақ, тастан қатты, мұздан салқын бол. Тіл мәселесін мәні жоқ аттан мен айқайдың дауына айналдырып жіберуден қаш. Тілдің мәселесі – «...Бөкеңнің ұлы ғана... (с)» айналысатын тақырып емес. Өзің жүрген ортаңда дәл осыны, ашуланбай, айқай-ұрысқа апармай талап ету үшін «Үкімет пен партияның» тіпті де қажеті жоқ. Айналаңда арандатушылар көп. Сенің олардан тарихи рухың да, табиғи тұрқың да биік.

Қазақ тілінің тағдыры – әрбір азамат үшін жалпыұлттық міндет. Кез-келген ақпаратты қазақ тілінде сұрау – тәңертең тұрып қол жуатының сияқты күнделікті әдетке айналсын.

«...уақытты оздырмай, төзімді тоздырмай осы бір ғана анықтамамды ала қояйыншы..» деп «ЦОН-да» отырған оператордың тіліне өзің де еріп кетпе. Қызметтің қазақ тілінде көрсетілуін сұра.

Басқа тілді қандастарыңды жатырқама. «Сен – «здрәсти», мен – «аман», мен – «жақсы», сен – «жаман» деген арзан мақтаннан биік бол. Оларға ана тіліңде сөйле. «Сен мәңгүрсің, мен ТАЗА-мын» деп өз-өзіңнен жеріме. Сұрағы басқа тілде болса да – жауабын ана тіліңде бер. Құлағы үйрене береді... Әсіресе дәл қазіргі уақыт – дәл ыңғайлы кезең. Төзімдік танытып, көмек қолын ұсынсаң – түзелетіндері өте көп.

Осылай әрбір адам өзгерсе, одан – оның ортасы бейімделсе, ортадан – айнала, айналадан – қоғам болып талап етсе – өзгермейтін дүние жоқ.

...Отандық тауарларды ғана тұтынуға тырыс. «Бір елдің тауарларынан» әсіресе, САНАЛЫ ТҮРДЕ БАС ТАРТ.

Осының барлығы да ФБ-дағы бір-екілі жігіт-қыздардың тарапынан жасалып, үлгісі көрсетіліп жүрген дүниелер. Оларға – мадақ. Енді осы құбылыс флеш-моб сияқты барлығымыз үшін жалпы әдетке айналса – құба құп.

P.S. «Қонаққа бардым, табақ тартты, адамдарын «анау» жердегілерге ұқсаттым, түген жерге бардым, шай құйды, руын сұрасам «анау» екен, әй, солар қазақ емес-ау..» деп арзан күлкі үшін құралған қысыр әңгімелерге әуес болма. Сенсіз де қазақты жік-жікке бөлгісі келетін суық күштер көп.

Руслан Қожағұл

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 2376    Пікірлер: 3

сәрсенбі, 31.12.2014, 12:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30