Сен тұр - мен айтайын!

Шіріп зорға тұрған тамырын кеңге жайылғандай ойлап отыз жыл бойы алданып келіппін

  • Шіріп зорға тұрған тамырын кеңге жайылғандай ойлап отыз жыл бойы алданып келіппін

    Шіріп зорға тұрған тамырын кеңге жайылғандай ойлап отыз жыл бойы алданып келіппін

Бір алып емен ағаш бар еді. Бұтақтарының өзі сол маңдағы балапан ағаштардың жуандығындай десем өтірік айтқан болмаспын. Қаланың қай көшесімен жүрсем де, көзіме түседі. Жұмысқа барарда, қайтарда қарсы алдымнан кесе көлделең сол бір кəрі емен ағашы шыға келеді. Үйге келген соң кешкі салқын ауамен тыныстауға балконға шығамын. Тағы да сол ағаш көзіме түседі. Оның қасындағы бірер жас қайың мен жас терек көктемей қурап қалғанын да көрдім. Ал, құшақтасаң екі қолың ортасына да жетпейтін əлгі алып емен ештеңе болмағандай жапырағын жайып, алып бұтақтарын сыбдырлатып міз бақпай тұрғаны. Тамырын кеңге жайған бұл кəрі еменді бульдузермен итерсең де, танкімен таптасаң да былқ етпес деп ойлаушы едім. Жалғыз мен емес, жұрттың бəрі солай ойлағаны анық. Өстіп жүргенде отыз жыл зу етіп өте шығыпты. Бір күні біздің қалада бұрын-соңды болмаған дауыл тұрып, күн кіркіреп, найзағай шатырлады. Күн жексенбі болатын. Жаңбыр араласқан қатты дауыл мен ес тандырған найзағайдан қаймығып үйден шықпағанмын. Тіпті, балконға шығып, таза ауа жұтуға да жүрегім дауаламады. Күні бойы кітап оқып арасында ұйықтаумен болдым. Таңертең оянсам, аспан шайдай ашық. Көктемнің соңғы айының жып-жылы күні жаймашуақ нұрын төгіп тұр. Ұйқымды ашайын деп балконға шыққанмын. Əлгі алып кəрі ағаш көзге түспеді. Қос жанарымды қайта-қайта ұйқалап қараймын. Жоқ! Жалмажан киіндім де шығып тұра жүгірдім. Ентігімді баса алмай таңырқай қарап тұрмын. Əлгі кəрі емен ағаш ортадан қақ айырылып жерде жатыр. Кешегі күннің шатырлаған даусы тым қатты еді. Алып ағашты ортасынан қақ айырып екі жаққа лақтырыпты. Ол ол ма? Құйғыта соққан қатты дауыл оның тереңге жайған тамырын түп орнымен суырып алыпты. Одырайған тамырларының өзі шіри бастағанын енді көріп тұрмын. Əлгі жуандығына құлаш жетпейтін жуан кəрі еменнің сырты алып көрінгенімен іші толған шірік үгінді ғана екен. Ақтарылып жайрап, жерде құлап жатқан кəрі еменді шымыр деп, шіріп зорға тұрған тамырын кеңге жайылғандай ойлап отыз жыл бойы алданып келіппін ғой. Ой, тəйір-ай!


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4476    Пікірлер: 0

жұма, 12.07.2019, 12:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31