Сен тұр - мен айтайын!

«Шустрить» еткен жөн шығар, бірақ «крыса» болмағанымыз абзал

  • «Шустрить» еткен жөн шығар, бірақ «крыса» болмағанымыз абзал

    «Шустрить» еткен жөн шығар, бірақ «крыса» болмағанымыз абзал

Крыса

 

Баяғыда түрмеде авторитеттер (ворлар. Түрмеде авторитеттердің бәрі ворлардан болған)) карта ойнап отырады. Сол сәтте егеуқұйрық нанның қиқымын тістеп, қаша жөнеледі. Оны байқап қалған біреуі жалма-жан етігімен крысаны ұрып өлтіреді. Бәрін мұқият қарап отырған ең беделді ұры ілік іздеп:

 

 -Сен ұрысың ба?, - деп егеуқұйрықты өлтірген ұрыға сұрақ қояды. Ол:

 

-Иә, - деп жауап береді.

 

- Крыса келді. Нанның қиқымын ұрлады. Ол да ұры емес пе?, - дейді.

 

-Иә, - дейді.

 

-Ол ұры болса, онда неге өз бауырыңды өлтірдің? Ол да сен сияқты ұрлап күнін көріп жүр емес пе?!, - деп жоқ жерден басын бәлеге тығып жібереді. Крысаны өлтірген кісі жауап таппай үнсіз қалады. Қалған авторитеттер:

 

-Сен өз бауырыңды өлтірдің! Сен бұл харекетіңе жауап беруің керек! Саған екі күн уақыт береміз, - деп қатаң қыспаққа алады.  «Пәлен деген авторитет егеуқұйрықты емес, өз бауырын нанның қиқымы үшін өлтіріпті» деген сөз бүкіл түрмеге тарайды. Межелі уақыт жетіп, ең беделді авторитеттер жиналып:

 

-Бауырыңды неге өлтірдің?, - деп сұрайды. Айыпталушы:

 

-Крыса &ndash ұры. Мен де ұрымын. Екеуміз бауырмыз.  Бірақ оған менімен бір дастарханда отырып ас ішу западло ма? Ол неге өз бауырынан ұрлайды?! Мен соны түсінбедім?!, - деп ақталған екен. Ұтымды жауабына риза болған авторитеттер айыпталушының арқасынан қағып, ризашылығын білдіріпті-міс. Осы оқиғадан кейін «общактан» тиын жымқыратындарды «крыса» деп атайтын болған деседі...

 

P.S. Қай жерде болмасын «шустрить» еткен жөн шығар. Бірақ «крыса» болмағанымыз абзал?!

 

 

 

Аяз Би

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1248    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.12.2020, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31