Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шығыс менталитеті ғой бізді қуыстандырып жатқан

17 наурыз 2019, 15:36

Франкфурттен Мюнхенге поезбен кетіп барамыз. Терезенің алдындағы столигі бар орынға жайғасып алдық. Қатарымыздағы орындықта ерлі-зайыпты болуы керек, əйел мен ер кісі бір шəтөшке шарапты екі бокалға бөліп құйып алып сораптап келеді. Оларды көргесін бе қарнымыз ашқандай болды. Жолда жейміз деп алып шыққан оны-мұнымыз бар-тын. Жалма-жан іске кірісіп кеттік. Кең де жарық, жұмсақ орындықты пойыздың ішінде сілтідей тыныштық маужырай тұр. Қолымыз тиіп кетсе болды, құрып кеткір салафан пакеті сылдыр ете қалады. Дыбысы бүткіл вагонға тарайтындай. Ана екеуі бізге қарап отырған секілді. Қарадай қысылып барамыз. Аштан келген бе деп ойлайтын шығар. Тамағымыздың арасында аршылмаған екі жұмыртқа бар еді. Қалай аршысақ екен? Сыртқы қабығын жару үшін бірдеңеге тоқылдатып соғу керек қой. Отырамыз ба, тырсылдатып. Вагонда отырғандар түгел мойнын бұратын шығар. Қарасам, бір жұмыртқа қабығының шеті бұрыннан жарылған екен. Серігіме сездірмей лып еткізіп ала қойдым. Жұмыртқаның жарылған тұсынан еппен басып-басып отырып, дымын шығармастан аршып, жеп алдым. Бибігүл маған қарап тамсанып қояды. Бір уақта екінші жұмыртқаны алақанының астына салды да бар күшімен басып кеп қалмасы бар ма! Қабығын ақырын ғана жармақ болғандағысы:) Бырш еткен дыбысқа селт ете түскен көршілеріміз жалт қарады. Жұмыртқаның мыж-мыжы шығып, жалпиды да қалды. Өлдік күлкіден:)) Жұмыртқаға обал болды деп қояды серіктесім. Енді қайтіп аршымақ? Езіліп қалды емес пе? Терезеге қарап, аузымызды басып, жат та кеп күл! Дыбыс жоқ, иығымыз ғана селк-селк етеді. Тоқтай алсақ ше, қане! Аналар ойлаған шығар, мына екі азиятка мас па деп. Ойласа ойлай берсін! Бəрібір олар бізді қазақ деп танымайды. Жапон, қытай немесе тайка деп ойлап отырған шығар. Қазақ деген халықтың барын ілуде бірі болмаса, бəрі бірдей біле бермейді екен немістерің. Оған Франкфуртте көзіміз жетті. Талайына қазақпыз деп өзімізді ұлт ретінде таныта алмадық қой. Қазақстаннанбыз десек, ее, орыссыңдар ма дейді. Қазақ- ол қандай халық, өз тілі бар ма деп күйдірді ғой, əуелдем. Ендеше неменеге ұяламыз? Бəрібір бізді танып жатқан ешкім жоқ. Ең бастысы қазақ осындай екен деген атқа қалмасақ болды да:)
Сытырлағанына да, шытырлағанына да қарамай жұмыртқамызды аршып жеп, тыңқиып тойып алдық.
Шын мəнінде біреуге біреу назар аударып жатқан жоқ. Шығыс менталитеті ғой бізді қуыстандырып жатқан.

Фейсбктегі парақшасынан

Гүлмәрия Барманбекова