Бізге кеп жатқан, келгелі жатқан ресейліктер ортақ чаттарында қазақ тілін қалай тез үйренуге болатынын сұрап жатыр екен.
Енді, бір елге баратын адам сол елдің тілін білуге тырысады ғой. Толық білмесе де, нан сұрап жейтіндей жағдайға жету үшін ең керекті сөздерді үйреніп алғысы келеді.
Қазақстанда қазақ тілін білмесең өмір сүре алмайсың деп ойлайды-ау солар.
Қазақстанға келгеннен кейін бәрі орысша екенін көріп, қазақтың өзі қазақ тілін керек қылмайтынын көргеннен кейін не ойлайды екен деймін. Содан ұяламын мен.
Мұндай ой көп адамды мазаламайтын сияқты ғой..
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшсынан