Сен тұр - мен айтайын!

Солар біздің кейбір шенділер секілді Қазақстанды ақша табатын жер деп қана қабылдайды

  • Солар біздің кейбір шенділер секілді Қазақстанды ақша табатын жер деп қана қабылдайды

    Солар біздің кейбір шенділер секілді Қазақстанды ақша табатын жер деп қана қабылдайды

Таксимен қаланың орталығындағы бір кафеге кездесуге асығып бара жатқанмын. Түрі тәжікке ұқсайтын екі кісі отырған артымда. Бір кезде біреуінің телефоны шыр ете қалды да, әлі адам әлденеге қатты қуанып кетті. Сөйтсем, Қазақстанға кеше ғана келген бір туысы Қазақстанның азаматтығын алыпты. Ішім қылп ете қалды. Қалай алғанын біліп отырмын. Ақшаның күшімен алған ғой. Қалай алғанын ары қарай қазбалап сұрап көргім келіп еді, түсетін уақыт болып, таксиспен есептесіп кеттім. Бізде қазір сатылмайтын нәрсе қалмады ғой. Ең жаманы – солар біздің кейбір шенділер секілді Қазақстанды ақша табатын жер деп қана қабылдайды. Үйі де басқа жерде, тапқан ақшасын да сонда тасиды. Қазақстанның азаматы деген аты ғана. Осының алдында ғана патриоттық туралы бір пост жаздым. Пайда үшін ғана жүрген, қазақша қақпайтын, Қазақстанды отаным деп есептемейтін мұндай адамдар өлсе де Қазақстанның патриоты болмайды. Сосын қазір кім-көрінген кеп азаматтық алып жатыр. Осы азаматтық алатындардан ең құрығанда мемлекеттік тілді білуді талап ету керек. Басқа елдің бәрі сөйтеді, көтінен кері кетіп жүрген біз ғанамыз!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 632    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 12:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31