Сен тұр - мен айтайын!

Сонда бұл да өсек пе?

  • Сонда бұл да өсек пе?

    Сонда бұл да өсек пе?

ӨСЕК деген не?
Адамдар арасындағы араздық пен ұрыс-керістің себептерін жіктесек, ең үлкен бөлігі «Мен туралы өсек айтыпты» - деген «себепке» тиеді...
Олай болса...
Сізді мысалы үшін 1000 адам таныса, соның ішінен жүз шақтысы кейде сізді сөз етуі мүмкін.
Адамның бәріне ұнау мүмкін емес..
"Жұлдыздары қарсы" деген сөз бар. Алғаш көрген адамдар бірі бірін бірден жек көруі мүмкін.
Бұл енді адам психикасының бізге беймәлім тылсымы..
Сонымен сізді танитын жүз адамның жартысының сіз туралы пікірі оң болса, жартысы жамандауы мүмкін.
Ал енді өзіңізді жамандайтын 50 адамның аузын жауып шығуға сізде мүмкіндік бар ма?
Әрине жоқ!
Сіз күйіп-пісіп, өзіңізді қажап жүргенде әлгі сізді әңгіме еткен адам сіз туралы мүлдем ұмытып та кетуі мүмкін..
Ең дауасы &ndash ондай өсекке назар аудармауға күш салу, дағдылану..
Жалпы, «Өсек» деген ұғымның көңіліме қонатын баламасын таппадым.
«Біреуді сыртынан ғайбаттау», «Сыртынан әңгіме айту», «Адамдар арасында сөз тасу» - деп кете береді екен..
«Адамдар арасында сөз тасу» - біреудің құпиясын екінші біреуге жеткізу кешірілмес әдет..
Ал егер «Біреуді сыртынан ғайбаттау», «Сыртынан әңгіме айту» дұрыс емес болса....
Мәселен, менің жақын адамым (бауырым, ұлым, досым, көршім) мен біршама білетін ұжымға жұмысқа тұрды делік..
Олай болса, мен әлгі жақынымды сол ұжымдағы кімнен қалай сақтануы керек екенін ескертуге міндеттімін ғой.
Сонда бұл да өсек пе?
Меніңше, бұл өсек емес!
Себебі мен жақынымды сақтандырдым!
2-3 күннен бері желіде әнебір лауазымды адамдардың қылықтарын әбден талқыладық...
Сыртынан...
Бұл да өсек пе?
Жоқ өсек емес, бұл қоғамдық пікір!
Біз салық төлеуші ретінде заң мен мораль аясында олардың қызметін сөз етуге құқылымыз..
Ал төсегіне үңілуге құқымыз жоқ..




Көрілген: 1151    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.09.2020, 14:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31