Сен тұр - мен айтайын!

СССР тарағалы 30 жыл өтті, біздің тілшілер әлі 130 ұлт дегендерінен танбайды, бұл не деген масқара?

  • СССР тарағалы 30 жыл өтті, біздің тілшілер әлі 130 ұлт дегендерінен танбайды, бұл не деген масқара?

    СССР тарағалы 30 жыл өтті, біздің тілшілер әлі 130 ұлт дегендерінен танбайды, бұл не деген масқара?

Бүкіл Қазақстаннан жұрт жабылып 130 ұлт өкілін таба алмай жүргенде біздің кейбір тілшілер кішкентай ғана Баутин аулынан 130 ұлт тауып алыпты. Білмейтіндерге еске сала кетейік - Баутин дегеніміз үш бөлек ауылдан тұратын Форт-Шевченко қаласының бір бөлігі. Бұрын балықшылар поселкесі болған. Кейін Аташ, Баутин, Орталық бірігіп Ақкетік қаласы аталған. Қала деп атап жүргендер - жергілікті маңғыстаулықтар. Олардың колхоз орталығы Ондыны да "қала ғой мынау" дегенін талай естіп өстік, сөйтсек... малда жүрген жалғыз үй малшыға жүзшақты үйден тұратын колхоз орталығы да қала сияқты болып көрінеді екен ғой. Оны өсе келе түсіндік қой.
Кейін Форт-Шевченко қаласы аталды. Түпқараған ауданының орталығы. Қала мәртебесі берілгенмен де халық саны онша көп емес, 12-13 мыңдай ғана. Ал Баутинде әрі кеткенде 2-3 мыңдай үй болуы керек.
Баутин - Ресей империясының Маңғыстауды отарлау кезінде бастап табан тіреген жері. Алдымен казактар, патша армиясы, соларға ілесе әрмен саудагерлері келіп дүкендерін сала бастаған, түрлі тұрмыстық бұйымдар әкеліп, малға айырбастап, сауданы қыздырған. Сол кезден қалған орыстар, бір-жар әрмен, түрікпендер болуы мүмкін. Олар да қазақтармен әлдеқашан араласып кеткен. Жарайды, татарды да орыс дейік. Жарайды, бір-екі украин, белорус бар делік. Әйтеуір Қазақстандағы ұлт санын 130-ға толтырып тұрған екі эскимос точно жоқ! Тіпті қалай санасаң да 130 түгілі онға жетпейді.
Ааа, Баутинде Аджип ККО-ның базасы бар. Онда италяндар мен француздар, т.с.с. жұмыс жасап жүр делік, бірақ... олардың Баутинге қандай қатысы бар?
Осы не әдет, қайдағы қатып қалған шаблон? СССР тарағалы 30 жыл өтті, біздің тілшілер әлі 130 ұлт дегендерінен танбайды, бұл не деген масқара? Осыларды біреу қорқыта ма немене? Мұндай жасандылықты тастайтын уақыт әлдеқашан болған жоқ па? Тіпті ұят-ақ!




Көрілген: 3822    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.05.2021, 11:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31