Сен тұр - мен айтайын!

Сіз ең жаман деген бетперде киіп тұрып жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін сақтай аласыз

  • Сіз ең жаман деген бетперде киіп тұрып жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін сақтай аласыз

    Сіз ең жаман деген бетперде киіп тұрып жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін сақтай аласыз

Италияда вирустан бір күнде 475 адам өліпті...

Бізге қазір бастысы "вирусты өзіме жұқтырмаймын және өзімнен өзгеге де жұқтырмаймын" деген екі парызды тап тұйнақтай ғып орындасақ бәрі керемет болар еді. Вирусты жеңгендей болар едік.

Уақыт ұту керек боп тұр. Екі-үш ай осылай шыдас берсек, ары қарай вакцина да табылып бізге жетуі мүмкін, я болмаса бізге табиғи фактор көмектесіп ауа райы ысып, вирус бірталай бәсеңдеуі мүмкін. Коронавирус күннің ыстығынан қорқады екен.

Бізде "бетперде бізді вирустан қорғай ала ма, оның пайдасы бар ма" деген әңгімелер боп жатыр екен...

Оның пайдасы бар әрине, оның пайдасы болмаса, коронавирус қырғидай тиген Қытай мен Италия жаппай маска кимеуші еді.
Кеше мен желі беттерінде жүрген итальян докторының жазбасын оқып оны парақшама қойған едім, сонда ол байғұс "бетперде киіңдер" деп жалына өсиет қылған екен. Маскадан пайда болмаса, эпидемия ошағы - Италия елінің дәрігері олай айтып неғылады.

"Вирус тыныс алу жолдары арқылы жұғып жатыр" деп дабыл қағып жатыр дәрігерлер. Сондықтан меніңше алдымен тыныс алу жолдарын қымтау керекпіз.
Ең нашар деген медициналық арзан бетперде, кем дегенде сіздің маңайызға сізден шығар аурудың таралуына жол бермейді. Сіз ең жаман деген бетперде киіп тұрып жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін сақтай аласыз.
Ал жақсы бетперделер, жұқпалы аурулардан жақсы қорғап береді деген ойдамын.

Мен қазір мынадай бетперде киіп жүрмін (суретте).
Әзірше бәрі дұрыс, қауіп сейіліп тұр.
Сіздерге де осындай тауып алыңыздар немесе тігіп алыңыздар деп кеңес беремін.

Сосын достар, қолдарыңызды жиі жуып жүріңіздер.
Сауда үйлеріне шықсаңыздар қолдарыңызға міндетті түрде қолғап киіңіздер.
Сақтанайық, онсыз болмайын деп тұр. Біз қытай сияқты млрд халық емеспіз, итальян сияқты 60 млн емеспіз. Ондай құрбан бере алмаймыз.
Біз тым аз халықпыз, әр қазақ санаулы.
Сақтанайық.

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 476    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 10:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 11:16
    Солар жазалансын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31