Сен тұр - мен айтайын!

Сіз өзіңіз қай категорияға жатамын деп ойлайсыз?

  • Сіз өзіңіз қай категорияға жатамын деп ойлайсыз?

    Сіз өзіңіз қай категорияға жатамын деп ойлайсыз?

АРА МЕН ШЫБЫН ЖАЙЛЫ ӘФСАНА


Бір тойдан қайтқан адамдар сол той жайлы әр түрлі пікірмен келген екен. Біреулері «Той өте нашар болды, көңіл-күйіміз мүлде болмады» десе екінші біреулер «Той керемет өтті, көңілді болды» деп айтыпты. Сонда бір ақылман қарттан «Неге бір тойға барған адамдар пікірі әр алуан» деп сұрағанда, ақылман қария «Мен өмірден жинаған тәжірибем бойынша адамдар екі бір-біріне мүлде қарама-қарсы түрге бөлінеді. Біреулері шыбын іспетті. Олар тек қоқысты, нәжісті, сасып жатқан нәрселерді ғана байқайды, соларды жақсы көреді. Егер де шыбын гүлдері жайқалып тұрған бау-бақшаға ұшып барса да, бір нәжісті, қоқысты тауып алып соған қонады.

⚡️

Екінші бір адамдар араға ұқсайды. Егер де бір лас қораның ішіне бір тал гүл әкеліп қойсаңыз, ара сол қорадан іздеп жүріп тек сол гүлге ғана қонады. Басқа кір қоқысты байқамайды, көрмейді. Оның іздейтіні гүл, әдемілік.

⚡️

Жақсы ниетті, мейірімді адамдар тек жақсылықты байқайды, соларды көреді, солар жайлы айтады. Ал ниеті дұрыс емес, ішкі әлемі кір адамдар қай жерден болсын тек жаманшылықты, кемшілікті іздеп, көріп жүреді.

⚡️

Сіз өзіңіз қай категорияға жатамын деп ойлайсыз?

⚡️

Жүрген, араласқан жеріңізден тек жақсы жағын байқап, көріп, айтып жүресіз бе, жоқ көбіне кемшілігін, кем-кетігін байқап жүресіз бе?

⚡️

Жағымды жаңалық: Табиғатта шыбын ешқашан араға айнала алмайды. Ал адам баласы санасын бақылап, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы шыбыннан араға айнала алады. Өзіңіз шыбынға не араға ұқсайтыныңызды тексергіңіз келсе айтатын сөзіңізді бақылап көріңіз.. Шыбынға көбірек ұқсайтын болсаңыз, тезірек барлық назарыңызды тек жақсы нәрсені көруге әдеттеңіз. Ол мүмкін!


Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.07.2019, 12:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31