Сен тұр - мен айтайын!

Сіздікі не алынбалы -салынбалы ма...

  • Сіздікі не алынбалы -салынбалы ма...

    Сіздікі не алынбалы -салынбалы ма...

Төмендегі жазбада әріптес әзілдес аға туралы жаздым ғой. Сол көкеміз күніге түстікке қайнатылған екі жұмыртқа әкеліп жейтін. Күнде әзілдесеміз. Бала сияқты. Ыржиып күледі де қояды.


Бір күні шай қойып, бокалға құйып дайындап отырсам, жүгіріп келді.


-Салта сенен бір өтініш. Жұмыстағылардың көзінше қолыңдағыны маған әкеліп ұсыншы. Аналардың іші күйсін.


-Ә мақұл.


Былқылдайтын фигура қайда? Ирелең-ирелең етіп жүріп, әріптестердің көзінше көкемізге әдемі сөздер айтып, бокалдағы шайды ұсындым.


-Біз ше? Мына кәрі теке бізден артық болды ма?

~деген өзге ағайлардың дауысы жан~жақтан жамырап кетті.


Қойшы сонымен не керек түс кезінде әлгі көкеміздің түстікке әкелген екі жұмыртқасын әріптестер тығып қойыпты. Таппай біраз іздесін-деген шығар.

Онысынан бейхабармын. Ағайымыз әлденені іздеп маған шүйлікті.


-Ойбай екі жұмыртқам жоқ!


Жұмыртқа дегенге ойым 180 градусқа өзгеріп кеткен мен ашуым келді.


Шарт кеттім.


-Ұялмайсыз ба?


-Мына жерде тұрған еді жоқ. Болшы қайтаршы.


Шынымен ашуландым.


-Сіздікі не алынбалы -салынбалы ма не?


Ол мені, мен оны түсінбей, әбден әріптестердің күлкісіне қалдық.

Жұмыртқасын тауып алған ол кешірім

сұрап


-Мә жесеңші -деп біреуін ұсынды.


-Енді өлсем де жұмыртқа жемеспін.


Міне содан бері жұмыртқа жемеймін)


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 3715    Пікірлер: 0

сенбі, 09.11.2019, 11:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30