Ұшақта, банкоматта, терминалда, т.б. қазақша "мәзірді" таңдайсыз ба?
Біздің ұрпаққа қарағанда, ал біз кеңес одағы ыдыраудың алдында туған ұрпақпыз ғой, 2010 жылдан кейін туған балалар әлдеқайда еркін, тәуелсіз дер едім.
Әрине, көп нәрсе тәрбиеге байланысты. Егер сіз мойныңыздағы отарлық қамытын балаңызға байлап, тілін отаршылардың тілінде шығарып, орыс балабақшасы, дамыту орталығы, мектебіне берсеңіз, тағы бір құлдың бұ заманнан ұлттық мұратсыз, еркін ойсыз, қанатсыз өткені дей беріңіз.
Ал қазіргідей бүкіл әлемде орыс тілінің таралу аймағы кеміп жатқан заманда Ресей, Беларусьпен қатынасу үшін тілді ұрпағыңызға үйретіп жатсаңыз, бұл болашағыңызға жасаған қиянат емес пе?
Байқаймын, біздің балаларымыз ұшақта бірден қазақша мәзірді таңдайды. Онда "Балаларға", "Қазақстандық кино", т.б. бөлімдер бар.
Ең сорақысы, "Ресейлік кино" дегені де бар. Соңғы жылдары Ресейдің кино өндірісі де оңбады. Қайта адами құндылықтарға негізделген киноның дені кеңестік заманда түсірілген бе деп ойлайсың. Қазір кілең соғыс, агрессия, төзімсіздік, дискриминация сияқты жағымсыз нәрселер көрсетіледі.
Екіншіден, "ресейлік кино" секциясының орнына дәл солай "эстон киносы" немесе "вьетнам киносы" да тұра алады ғой. Онда неге бұларға басымдық береміз?
Air astana компаниясы тек отандық және әлемдік өнімдерді қолдайды деп үміттенеміз.
Әлгі тұста Қазақ киносының Алтын қорынан Шәкен Аймановтардың фильмдерін неге бермеске? Контент бар, тек отарсыздану үшін үлкен саяси ерік-жігер керек...
Камшат Тасболат
Фейсбуктегі парақшасынан