Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тамыр-таныстықпен «тауға шыққандар» басқаларға адалдықты үйреткісі келеді

10 қараша 2022, 12:34

Қазақ қоғамы елес қуып келеді. Бірі бугатти, бірі Оскар, бірі Нобель алғысы келеді, бірі Дубай,Техас, бірі Париж, Вегас барғысы келеді. Кедейі – бай, байы – «құдай» болғысы келеді. Сондықтан, жұтқандары жұта бергісі келеді, өскендері – тағы да өскісі келеді. Болмаса - шетелге көшкісі келеді.
Ал, енді бірі пәтер жалдап жатып Карнегидің кітабын оқып, КәмшатТАРдың инстасын көреді, сосын, тек күліп өмір сүргісі келеді, ертегілер әлемінде бақытқа бөленіп жүргісі келеді. Өмір - кітап –смартфондағыдай ЕМЕСтігін білмей келеді, қазақи кеңесті дым құлағына ілмей келеді.
Қыздың бәрі керемет байға тигісі келеді, жігіттің бәрі керемет ару сүйгісі келеді.Осылайша кәрі қыздар һәм сүрбойдақтар көбейіп келеді, зина «алқабы» кеңейіп келеді.
Тамыр – таныстықпен «тауға шыққандар» басқаларға адалдықты үйреткісі келеді, оның әділетсіз екенін ұққандар тақымға басып, сүйреткісі келеді.
Жақсы деген тұлғалар рушылдық- жершілдіктен аса алмай келеді, ұлтқа лайық мәһаббатын аша алмай келеді. Осылайша бұл қоғам аптығын баса алмай келеді, иллюзиядан қаша алмай келеді, шынайы болмысын аша алмай келеді, замана тамырын тап баса алмай келеді.
Әйтеуір бір көш келеді, тілдісі мен тілсізі, ділдісі мен ділсізі, діндісі мен дінсізі, мұңдысы мен мұңсызы бір–біріне өш келеді. Аққу, шортан һәм шаян, ұлттық керуен бос келеді. 

facebook.com парақшасынан