Таныстарым ҚЗ-да тұруды риск көретін сияқты
Сайлау, тағайындауларыңыздан шаршап кеттік. Тұрмыстық, жәй әңгіме айтайықшы.
Елдің бәрі пәтер алу үшін жанталасады ғой. Менің 2 танысым (бір-бірін танымайды) пәтерлерін сатып, пәтерде тұрады. Ақшаларын бизнеске салды.
Бірі тапқан ақшасын жанталасып шетелдік бір қаржы инструментіне салуда. Қызын Ресейде онлайн оқытпақшы. Бизнесін шетелде жүріп басқару үшін автоматтандырып жатыр.
Екіншісі де бизнес бастап жатыр. "Салған ақшамды тездетіп шығарып алып, шетелдік қаржы құралына салып, сақтаймын. Мұнда қалған қаржым айналыста болады", дейді.
Екеуі де "пәтер алмаймыз, көліктің арзанын мінеміз, ақшамызды мұнда сақтамаймыз", дейді. Түбі кететін адамның әрекеті.
Қаржы сақтап жүрген құралдарын зерттеп көрдім. Өте қызық. Депозит түрінде 1000 доллар салсаң, 600 доллар кредит алуға болады. Бірақ, оны қайтармайсың. Ай сайын 600 доллар+пайызы жабылғанша 1000 доллардың сыйақысынан ұстап отырады. Ары қарай депозит сыйақысы түседі. Не деген батпанқұйрық деп қоямын.
Айтайын дегенім әлгі таныстарым ҚЗ-да тұруды риск көретін сияқты ма?
Фейсбуктегі парақшасынан