Сен тұр - мен айтайын!

Тап солай болмай шығып, ауырып қалып жүрмейік

  • Тап солай болмай шығып, ауырып қалып жүрмейік

    Тап солай болмай шығып, ауырып қалып жүрмейік

Ауылда арақ аз 90 жылдары болса керек. Есімін айтпай-ақ қояйын, бір апа-жездем Оралға барғанда арзан арақтың үстінен түседі. Ол кезде арақсыз шаруа бітпейді, сондықтан әлгінің бірден бір жәшігін алады ғой. Бұл құтының бір-екеуін сол мезетте құтты жеріне қондырғысы келген жездеме апам «ауылға барғасын» деп бой бермей қояды. Бір жағынан апамдыкі де дұрыс – бір-екеуімен тоқтай қойса жақсы ... Содан екеуі сол кездегі сәнді сөз – консенсусқа келіп – процесті автобуста орта жолда бастайтын болып келіседі. Сол айтқан межеде қылмойынның біреуін ашып жіберіп, қырлымен тартып жіберген жездем қылғынып қала жаздайды – арақ деп әлпештеп, аялап жүргені тап таза аш екі о болып шығады. Опшым, не керек, жездем бұл күйіктен кәдімгідей ауырып қалады...

Менің айтпағым, қазір желіде «көп балалы аналарға мынандай пособие берілетін болыпты», «түгендей қамқорлық көрсетілетін болыпты» деген әртүрлі түрлі түсті алыпқашпа әңгімелер өріп жүр. Олай болмай, не тап солай болмай шығып, ауырып қалып жүрмейік. Дәметіп, онымыз оқсамай қалған жаман ғой.


Нұрлан Сәдір

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

сенбі, 09.02.2019, 13:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30