Сен тұр - мен айтайын!

Тас атып, итжеккенде қан қақсатар жағдаяттарды экранға шығарғанда не таппақ?..

  • Тас атып, итжеккенде қан қақсатар жағдаяттарды экранға шығарғанда не таппақ?..

    Тас атып, итжеккенде қан қақсатар жағдаяттарды экранға шығарғанда не таппақ?..

"Қалаулымын" қойдыра алмай жүргенде, 3,5 сағаттық эфирі бүгін 6,5 сағат жүріпті. Өздері "ең ұзақ тікелей эфир" деп, мәз! Ендігәрі, 4 сағат жүреді екен.
Тәк деп, оның жыры жылдарға созылып, "Қалаулымды" қойдыра алмай, керісінше олар от алып, үдетіп үлгерді.
Олар сөйтем дегенше, анау КТК жақтан "АСТАРЛЫ АҚИҚАТ" шықты: кіл сарттың "шұлғауының шешілуі" мен дамбалының астарын ақтарып, ышқырбауын созғылап; бір тақырыпты 7 санына дейін созып...
Өткенде, 15-те "балалап қалған "Назакат" сериялын 7 бөлімге жеткізген ақиқатшылдар бүгін арналар аударып отырып соңғы жағын көз шалып қалды. СҰМДЫҚтың көкесі Назакаттан да асып, атасы мен келінінің әуейі болып, арада балалар болып, от-анасы мен ұлдың бетіне шіркеу болған қайын ата мен бетсіз келінді көрсетіп жатыр. ДНК сараптамасын жасап, "астарын ақтармақшы", сөздерінше... (Жалғасы ертең деді.)
Құдай-ау, бұл бассыздыққа, бұл -- ұлтқа, ұрпаққа, берісі, көрерменге көрмекке опа бермес мұндай арсыздықты Халықтың 1-ші идеологиялық құралы -- ақпарат айдыны -- телевизияға шығарып, сағаттап, тіпті, бірнеше күн қатарынан көрсеткенде, кім не таппақ?!
Осы ма еді, ұлттық идеологияны жетілдіргендері?! Арсыз, санасыз, егер, басқа заман болғанда тас атып, ит жеккенде қан қақсатар жағдаяттарды көлкітіп көгілдір экранға шығарғанда не таппақ, КТК, ток-шоу, әлеуметтік хабарлар редакциясының мақсаты не?! Ақпарат министрлігі ұлтқа, елге опа бермес ондай бассыздықтарға тосқауыл қоймай, қайда қарап отыр?!
(Әрине, "Абай tv", Kazakh tv-да" солайымен кіл КЕРЕМЕТ бағдарламалар бар; т.б. арналарда да күтіп отырып көретін дүниелер жетеді.)
Бірақ, біз неге "ұнамаса, көрмесін" дегеннің желеуімен үнсіз қалуымыз керек?! Әркімнің пікірі құнды болып, ескерусіз қалмауы қажет!!! Халық алдына не салса, соны шайнап жұта беретін мал емес! Әрі-беріден соң, сол халықтың рухани тұрмыс, болмысына, тәрбиесіне сеп болсын деген мақсатта түрлі тв.-бағдарламаларға мемлекеттен қыруар қаржы бөлінеді. Неге ол одан он есе қажетті, өзекті хабарларға жұмсалмайды?!
Тоқтам керек! "Қалаулымның" бұрыннан біз айтып келе жатқан бітпейтін жыры мынау, "АСТАРЛЫ АҚИҚАТтың" масқарасының қасында місе де болмай қалды.

Ақ-Зия Жайлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1474    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.02.2021, 09:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30