Сен тұр - мен айтайын!

Теріс ағымға түсіп кеткендерді тізгіндей алмаған өзіміз кінәліміз

  • Теріс ағымға түсіп кеткендерді тізгіндей алмаған өзіміз кінәліміз

    Теріс ағымға түсіп кеткендерді тізгіндей алмаған өзіміз кінәліміз

Әлеуметтік желіде "Жусан-2" операциясын "дұрыс емес", "сол жақта қалдырып кету керек" деп, сынап жатқандарды оқыдым.


Тілінен безіп, ұлтынан айнып, өз мәдениеті мен тарихынан қашып, санасы уланып, жат ағымның жетегінде кеткендерге қолды бір сілтесек те болар еді.

Алайда, жастарымыздың тәрбиесіне мән бермегендіктен, білімнің төмендігінен, діни-сананың сауатсыздығынан теріс ағымға түсіп, елден безіп кеткендерді тізгіндей алмай, осындай жағдайға жол бергеніміз үшін өзіміз де кінәліміз.

Осыдан кейін," бұл адасқандарды құтқару түзу жолға түсіреді ме?" деген де қалыпты сұрақ. Мә­селе осында.


Олардың арасында оң-солын біліп үлгермеген қыз-келіншектер мен буыны қатпаған бала-шаға бар. Бәрін бірдей қаскөй көруге болмайды. Тағдырдың тәлкегіне түсіп, жазалы болғандар жетерлік.

Өмірде кез-келген адам аяғын шалыс басуы мүмкін. (Көріпкел ешкім жоқ) Өмір болған соң, «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» дейді.

"Жолынан адасқанға жол көрсету – садақа» деп түсінетін, "Әр қазақ- жалғызым"деп ұғынған елміз. Сондықтан, адасып опық жеген тағдырларды өмірге қайта бейімдеп түзеп жібергеніміздің мәні зор.

Негізгі мақсат - өз Отаныңнан басқа қорғаның, еліңнен өзге жанашырың жоқ екенін ұғындырып, теріс жолға түскендерді азамат ретінде әлеу­меттік маңызды байланысын сақтап қалу болуы керек.


Ендеше, өмірде сүрінген қаракөздерімізді

қатаң бақылауға ала отырып, қоғамда бейімделуіне мүмкіндік берудің де игілікті іс екеніне мән берейік.


Мемлекеттің бұл қадамын қолдаймын!

Елімізде бейбітшілік мәңгі, бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!


Ерлан Жұрынбаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 760    Пікірлер: 0

сенбі, 11.05.2019, 17:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31