Сен тұр - мен айтайын!

Теріс ойлы молдалар Құранды оқуды үрейге айналдырды!

  • Теріс ойлы молдалар Құранды оқуды үрейге айналдырды!

    Теріс ойлы молдалар Құранды оқуды үрейге айналдырды!

Кеше мені ойландырған оқиға болды. Еден жуушы столымның шаңын сүртуге;"Үсті тола Құран", -леп жасқанды. "Дәретпен жүрсең, қорықпа. Құран - сен екеуміз үшін жазылған",-дегеніме аузы ашылып қалды. Сөйтсем, намаз оқуға ниеті болғанмен, "әріпін қате айтсаң күнә" дегеннен қорқып жүр екен. Әрине, мен оған қате оқудан қорықпауын, о баста Пайғамбарымыздың (Алланың оған рақметі мен сәлемі болсын) да оқи алмағанын, Құранның ең басты сөзі "оқы" екенін түсіндірдім. Бүгінде сан-қилы діни ағымның нақ біздің мемлекетте үстемдік көрсетуінің түп -тамыры - Құранды оқуды үрейге айналдырудан! Теріс ойлы молдалар:"Әріпін қисайту күнә" - деп, Құранға ниет етушінің ынтасын -қорқынышқа айналдыру арқылы өзі көздеген мақсатын жүзеге асырады. Жалпақ тілмен алғанда - "білімсіздікті шоқпарға айналдырып алды". Сирияға кетіп жатқандардың ешқайсы қолына Құранды ұстамағынан көзім жетеді. Өйткені, Құранда "қараңғыдан -жарыққа шығуға" жол көрсетеді. Дінді өз идеясы үшін қолданушылар, керісінше, жарықты көлегейлеп, тек, қараңғыны көздеріне ұлғайтып айтады. Міне, қасыреттің түбірі қайда жатыр?! Жаным, Құраным, ашып қалсам болды, жауабымды көзіме сарт еткізе сөйлеп қоя береді. Оқимын да;"Кешіре гөр, осы жердің дәлелін білмей жатыр едім?", - деп, қуана кешірім сұраймын. Ол менің жүрегімнің сығылған тұсында демеу бере қояды. Ұлғайып тұрған тұманды сейілтіп жібереді! Сізге де Құранды қорқынышпен емес - махаббатпен оқуды ұсынамын. Өйткені Алла, Құранды бізге шексіз махаббатпен сыйлаған. Құранды оқып отырсаңыз, сіз тамсанып жүрген әлемдік философтардың асыл ойды Құраннан алғанына көзіңіз жетеді. Ең бастысы -Құран оқудан қорықпаңыз!


Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.02.2019, 09:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30