Түнімен қағаз жазғаннан дамыған ел көрмедім
Қағазстан
 
Ұры түсіп полиция шақырсаң бірден қылмысты ашуға емес, қағаз толтыруға кіріседі. Одан қылмыс азайды ма?
 
Ауырып дәрігерге барсаң ем жасауға емес, қағаз толтыруға кіріседі. Медицинамыздың дамығаны кәне?
 
Мұғалім сабақ қалай өткіземін деуден бұрын қағазын жазып, уақытында өткізуді уайым қылады. Білім қағаз жазудан көтерілмейтінін тексергіштер өлдім түсінбейді.
 
Министрліктер үйінің жанынан кешкі 10-дарда өтіп бара жатсаң жарты сібеті жарқырап жанып тұрады. Түнімен қағаз жазғаннан дамыған ел көрмедім.
 
Әкімшілікке бір құжат тапсыра қояын десең ХҚКО мен әкімшілік арасын жол қыласың. Неше түрлі справка, қағаз.
 
Мекемелерге барсаң кабинеттер тола галстук тағып, компьютерге шұқшиған адамдар сығылысып отырады. Қазақстан А4 қағаз да шығармайды. Не жазып жатыр?
 
 
 
Мен Қазақтың Баласы
Фейсбуктегі парақшасынан