Тұтынушының емес қалтаның қамын көбірек ойлайды

21 қараша 2018, 12:22

АҚШ- тан əкелінетін тауық етіне тиым салынатын болыпты. Ресейге тəн біраз тауық еті де шекараның ар жағында қалған көрінеді. Дұрыс. Қазақстан басқа болмаса да ет жəне сүт өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ете алады. Тек өз өнімдеріміздің сапасына қатаң бақылау орнату қажет. Өйткені кəсіпкерлердің басым көпшілігі нарық мəдениетін меңгере қойған жоқ. Тұтынушының емес қалтаның қамын көбірек ойлайды.

Гүлмәрия Барманбекова
Фейсбуктегі парақшасынан