Сен тұр - мен айтайын!

Ұрпақты үндемей, ұлы істер тындыруға тәрбиелейікші

  • Ұрпақты  үндемей, ұлы істер тындыруға тәрбиелейікші

    Ұрпақты үндемей, ұлы істер тындыруға тәрбиелейікші

Қазақ баласын сөз өнеріне баулудың түкке қажеті жоқ. (қазір көбейіп кетті ғой, "даже мылқауға тіл бітірем" деп өзіне көп алатындар). Себебі онсызда сөз қазаққа қанмен келеді, сүйекпен кетеді. Ақындығы, арқасы бар адам ешкім сүйремей-ақ жарып шығады. Керісінше, мен қолдан келсе балаларымызды үндемеуге үйретейікші дер едім, көкелер, шын айтам. Байқайсыздар ма, сөзі аз жұрт көп іс тындырып, қарыштап дамып жатыр. Тіпті ғарышқа кетіп қалған солар. Ал біз жүрміз әлі "ата-бабам батыр болған, бай болған" деп құр кеуде соғып. Өзіміздің бітірген түгіміз жоқ, диванда жатып үкіметті сынап, қала берді көршінің қалтасын санағаннан басқа. Рас қой? "Осы жұрт не жеп байиды-ей", - деп кекетіп, күстәналап. Между прочим, байып жатқандар үндемей іс жасап, даже етік тіксе де, қолы қарап отырмай, бір нәрсені тиянақты істегеннің арқасында жетіп жатыр қымбат көлік, зәулім сарайға. Өйткені ұлы істің бәрі үнсіз жасалады.
Кейде бізді осы көпсөзділік құртып жатқандай көрінеді. Қарапайым мысал, таңертең жұмысқа келе сала сампылдап сөйлеп, ел-жұрттың бәрін түгендеп, сосын асықпай шай ішіп, сосын сыртқа барып темекі шегіп тағы біраз әңгіме соққан, сосын түскі асқа кеткен адам көп іс тындыра ма, жоқ келгеннен үндемей жұмысты бастап кетіп, тез-тез өзіне тиесілі ісін тындырып, ертерек шығып, екінші жұмысына үлгеретіндер ме? Әрине, екіншісі. Өйткені үндемей көп уақыты мен күшін үнемдейді ол. Сосын байқасаңыздар, солар ешқашан ешкімнен қарыз сұрамайды, қашанда қалтасында ақша жүреді. Бұл - жай қарапайым мысал. Ал әлгі дабырақ өзі де уақыт жоғалтады, өзгенің де уақытын ұрлайды.
Ал уақыт - білесіздер, бізге берілген ең басты құндылық. Дүниеге ешкім алақанымен ақша уыстап келмейді, бәрін біз Құдай берген уақыт пен күшімізді бұлдап, (кім қалай бұлдай алуына қарай) тауып, өлгенше күнелтеміз.
Жоқ, айтпағым үндемей, дүние соңына түсіп, құлқынның құлы болу емес. Дұрыс өмір сүріп, уақыт пен күшімізді текке далаға кетірмеу керек дегім келеді. "Өнер-білім бар жұрттар Марсқа ұшып жатқанда, біздің әлі тұрмыстың айналасынан шыға алмай, біріміздің қадамымызды біріміз аңдып, бәрімізге тиесілі ақыны біреу опыра жеп, қала берді "Аңқау елге арамза молдалықпен" ақша тауып байып отырғанымыз менің ішімді удай ашытады. Арасында біреуді ақын деп арқадан қағып қойып, "біздің қазақ сөзге, тілге бай ғой" деп, тиын-тебен ұстатып қояды. Ал біз соған мәзбіз. Айтарым көп, бірақ көпсөзділік не керек.
Қысқасы, сөзді қысқартатын, жаңа ұрпақты жаңаша тәрбиелейтін кез келді. Оларды өзіміз сияқты дабырашыл емес, үндемей, ұлы істер тындыруға тәрбиелейікші. Нақты сала маманы болуға, басқаның заманы өтті. Соны ұқтым.

facebook.com




Көрілген: 1793    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.10.2021, 14:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Желтоқсан, 15:34
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31