Сен тұр - мен айтайын!

Ұры болғаннан гөрі білімді болған дұрыс. Сонымен, бұл жерде шын ұры кім?

  • Ұры болғаннан гөрі білімді болған дұрыс. Сонымен, бұл жерде шын ұры кім?

    Ұры болғаннан гөрі білімді болған дұрыс. Сонымен, бұл жерде шын ұры кім?

Бірде банк тонауға барған ұры банктың ішіне кіріп, былай деп айқайлайды: «Қозғалмаңыздар. Ақша мемлекеттікі. Өмір өзіңіздікі» дейді. Барлығы тынышталып қалады. Бұл &ndash «Адамның ойлау жүйесін өзгерту» деп аталады.
Үстелдің үстінде жатқан әйелге ұры: «Мәдениетті болыңызшы, бұл зорлау емес, ұрлық» деп айқайлайды. Бұл &ndash «Кәсіби болу» деп аталады. Өз ісіңізді ғана істеу.
Банк тонаушылар үйлеріне қайтқанда, кіші ұры (үйренуші) үлкен ұрыдан (6 жылдық тәжірибесі бар адам): «Аға, қанша ақша алғанымызды есептейік?» дейді. Оған үлкен ұры ашулы түрмен: «Сен ақымақсың. Ақшаны санау үшін бізге көп уақыт керек. Бүгін теледидардан қанша ақша ұрлағанымызды айтады» дейді. Бұл &ndash «Тәжірибе» деп аталады. Қазіргі кезде қағаздағы жазулардан гөрі, тәжірибе маңыздырақ.
Тонаушылар кеткен соң банк менеджері басшысына xабарлап, дереу полицияға xабарлауды сұрайды. Бірақ, банк басшысы оған: «Тоқтаңыз. Банктен өзіміз үшін 10 млн доллар алып, оны бұрын иеленіп алған 70 млн долларға қосайық» дейді. Бұл &ndash «Ағыспен бірге жүзу» деп аталады. Яғни, жағымсыз жайтты өзіңе пайдалану.
Басшы: «Әр ай сайын ұрлық болып тұрса ғой» дейді. Бұл &ndash «Жеке бас бақыты жалықтыратын жұмыстан маңыздырақ» деп аталады екен.
Келесі күні жаңалықтардан банктен 100 млн доллар ұрланғандығы туралы xабарланады. Ұрлықшылар мұнша сома ұрлағандарына сенбей қайта-қайта ақшаларын есептеді, бірақ, олар 20 млн доллар ғана ұрлаған. Ұрылар қатты ашуланып: «Біз 20 млн доллар үшін өмірімізді қатерге тіктік пе?» дейді.
Банк менеджері 80 млн долларды саусағының ұшын қимылдатпай алып алды. Сондықтан, ұры болғаннан гөрі білімді болған дұрыс. Бұл «Білімнің құны алтынмен бірдей» деп айтылады.
Банк менеджері бақытты еді. Өйткені, оның шығындары осы ұрылар арқылы жабылып кетті. Бұл «Мүмкіндікті пайдалану» деп аталады.
Сонымен, бұл жерде шын ұры кім?


Ағылшын тілінен аударған - Балнұр Қожагелді

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1073    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.02.2021, 10:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30