Сен тұр - мен айтайын!

Ұйықтап жатқан архивті иығынан сілкілеп оятса ғой...

  • Ұйықтап жатқан архивті иығынан сілкілеп оятса ғой...

    Ұйықтап жатқан архивті иығынан сілкілеп оятса ғой...

АРХИВ ТІРІЛСЕ...


Бір жұмыспен Алматы қаласының Мемлекеттік архивіне барып қайттым. Үлкен ғимараттың ұзыннан-ұзақ холына фотогалерея жасап жатыр. Архивтегі жеке Қор иелерінің (бақилығы бар, фəнилігі бар) портреттерін ілуде. Өзімше "кіші эрмитаж" деп қойдым. Бұған қосымша шағын-шағын музей залдары жасақталған. Сенесіз бе, ана бір бөлмеге кіре бере бұлбұлкөмей əнші Мəдина Ералиеваның үйіне барып, ерекше жаратылыстың энергетикасын сезінгендей əсерде қалдым. Құлағыма Мəдинаның əні келді. Əншінің ұлы Əрсен анасының тірі кезінде қолданған жиһаздарын түгелдей архивке сиға тартыпты. Олар үлкен бір бөлмеге қойылыпты. Төрде күлімдей қараған Мəдинаның портреті құдды қонақтарын қарсы алып тұрғандай. Əсерлі!

Ұзын холмен ары қарай жүре беріп, нағыз тосын сыйларға тап боласыз. Сəбира Майқанованың қобдишасы, Асаналі Əшімовтың шахмат тақтасы, ана жазушының қаламы, мына тарихшының тағы бір жеке заты, сөйтіп-сөйтіп кете береді. Əсіресе өмірде жоқ тұлғалардың бұйымдарын көргенде селт етпеуіңіз мүмкін емес. Енді бір ғасыр, үш ғасыр, бес ғасыр өткеннен кейін ана экспонаттарды көрген ұрпақ қандай əсерде болатынын көзіме елестеттім!

Өз басымнан өткен бір жай есіме түсті. Өткен Наурыз айында Франкфурттегі Гетенің музей-үйінде болғам. Құдіретті қалам иесінің сиясы тамған жазу столын көргендегі аласапыран толқуымды айтып жеткізе алмаймын. "Фаустты" жазып отырған Гете көз алдыма келген. Қатты əсерленгенім соншалық, содан кейін қан қысымым көтеріліп ауырып қалғам, əуелдем.

- Архивтеріңізде жаза білетін адам бар ма? - деп сұрадым, қасымда жүрген қызметкерден.

- Жоқ.

- Шіркін-ай, ə! Архивті оятатын адамның болмағаны-ай!

Өткенде жазушы Мағира Қожахметова жайлы бір жазбамның астында бір жас журналистің "сондай да жазушы бар ма, ол кісі тірі ме?" деп сұрағаны есімнен кетпейді. Осы жуырда ғана бір жігіттің (қателеспесем, ол да журналист болу керек) Оралхан, Шерхан, Мұхтар - үш алыпты туған күндерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілегенін оқығанда өмірден түңіліп кетуге аз-ақ қалғам.

Дəп осы отырғанда, ұйықтап жатқан архивті иығынан сілкілеп оятса ғой деген əрі-сəрі сезімнің дауылына тұншығып отырмын. Көп емес, ана экспонаттардың əрқайсысы жайлы теледидардан танымдық-тағлымдық маңызы бар циклды шағын бейнесюжеттер жасап, неге көрсетпеске?

Архив тірілсе, жас ұрпақтың жады оянар еді.


Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 759    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.10.2019, 11:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31