Сен тұр - мен айтайын!

"ЗАЯВЧИК" ҺӘМ КЕҢЕСТІК ТҮРМЕ...

  • "ЗАЯВЧИК" ҺӘМ КЕҢЕСТІК ТҮРМЕ...

Кім не десе, о десін, мен білетін бір ақиқат бар. "Кеңестер одағы үлкен ТҮРМЕ болды" дегенді қазір екінің бірі айтады ғой. Сол абақтыдан шыққанымыз қазірдің өзінде көрініп тұрады.

 

Әділдік іздеген адам - заявчик, құқын талап еткен адам - арызқой... Ал, түйені түгімен жұтып, қарпып жатқандар мен айналадағы заңсыздықтарға көз жұма қарасаңыз сізден жақсы адам жоқ...

 

Бұл не? Бұл түрмедегілердің психологиясы. Зектер заң адамдарымен қарым-қатынас жасауды "сатқындық" деп ұғады.

 

Заң үстемдік етпеген елде күштінің құйрығы диірмен тартады. Біздің ел әлі күнге осы дертпен ауырады. Қазір қаншама адам сол түрме психологиясының кесірінен ақ пен қараны ажырата алмай жүр.

 

Нақты бір мысал келтірейін. Бір мықты ағамыз бар еді. Ұрған адамын ұйықтатып тастайтын. Баяғы бандиттер заманында жігітше жүрді. Алматыдағы бір университетті ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстады. Сол жігіттің қарындасын біреулер айуандықпен жәбірлепті-міс. Сосын, ағамыз маған звандады. "Әлгі жігітті арғы дүниеге аттандырып жіберуге шамам келеді" деді. Оған мен күмәнданбадым. "Бірақ, - деді ағамыз, - Мен бір үйдің жалғыз ұлымын. Ананың қанын мойныма жүктеп түрмеге кетсем, бала-шағамның жайы не болмақ?...

 

Мен не дерімді білмедім. Ағам істі заң орындарына тапсырыпты. Әлі күнге бандиттер ортасында абыройы бар адамның бұл қадамын мен құптадым. Неге дейсіз бе? Біреу қылмыс жасаса, оның кегін қайтарам деп екінші адам абақтыға қамалса, оның обал-сауабы қайда? Кектің соңын кек қуса, нағыз хаос сонда болмай ма?

 

Өмірде мұндай мың мысал бар... Ол мысалдар Ата-Заңның қоғамға қаншалық қажет екенін, шамамыз келгенше, сол заңның етегін ұстап, заңдық тұрғыда сауатты болып өмір сүру керектігін ұқтырады.

 

Назарбаев дәуірінде жаманды-жақсылы Ата Заң жазылды. Ол заман ыңғайына қарай өзгеріп түзелер... Ол заң барша халықтың құқын қорғасын десек, біз "заявчик емеспін" деген құлдық психологиядан айрылсақ екен! Қазақтың бәрі "заявчик" болмай, жөні түзу қоғам құрылмайды. Мен бүгінгі конституция күніне орай осы ойды айтқым келді. Қош!

 

P/S

А, айтпақшы заңды бетке ұстап, әркімді арандататындарды ақтау ниетімде жоқ.

 

Қанат Әбілқайыр
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 961    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.08.2020, 11:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31