Сен тұр - мен айтайын!

Зейнетақы қорымызға жиған ақшадан құртақандай жер ала алмасақ үкіметке сын емес пе?

  • Зейнетақы қорымызға жиған ақшадан құртақандай жер ала алмасақ үкіметке сын емес пе?

    Зейнетақы қорымызға жиған ақшадан құртақандай жер ала алмасақ үкіметке сын емес пе?

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАН АҚШАМДЫ АЛЫП ЖЕР АЛАЙЫН ДЕСЕМ, ҮКІМЕТТІҢ ЖАСАҒАН ережесі бойынша, үй салатын компанияны жалдап, оның сметасын көрсетуің керек екен.  БҰЛ НЕ МАСҚАРА. Егер үй салатын компанияны жалдайтын ақшамыз ағыл тегіл болса БЖЗҚ / ЕНПФ-дағы ақшамызды алмайтын едік. Қарапайым халық жиған тергеніне жер алса оның несі жаман. Ал жалдайтын компанияң мен сметаны көрсет деп талап қою өте ауыр ереже. Себебі пенсионкадағы ақшаңа жер алған соң, мәселен мен өзім қалтама қарай балшықтан былш-былш дегізіп үй салатын шығармын. Мал өсіріп, бақша жайқалтатын шығармын. Осылайша көптеген жастар зейнетке шыққанға дейін жер алып, шаруашылығын дөңгелетіп алар еді. Алайда пенсионкадағы ақшаға жер ала алғаныммен, үкімет айтқан талапты көрсету қарапайым қазаққа өте қиын. Өз елімізде отырып өзіміз зейнетақы қорымызға жиған ақшадан құртақандай жер ала алмасақ үкіметке сын емес пе ? Ертең жау шапса, хоть бес соттық, он соттық жерімізді қорғайық деп атқа қонамыз ғой. Сондықтан мен журналист ретінде үкіметтен @Зейнетақы қорынан алатын ақшамызға жер алуға мүмкіндік беретіндей жобаны қайта қарастыруды талап етемін. Ереже жеңілдетілсін. Президент жанындағы @Ұлттық кеңес осы мәселені қайта қараса екен. Депутаттар да осы мәселені көтеру керек.

Гулвира Бигалиева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2013    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 09:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30