Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

«Ағатай, мені неге тірідей көмдіңіздер?...»

  • © Depositphotos

    © Depositphotos

(Өмірде болған оқиға)


Осыдан біраз жыл бұрын кішкентай қалашықта қайғылы жағдай болды. Бір көшенің бойында тұратын кішкентай ұл бала мен қыз бала балабақшада аяқ астынан қайтыс болды. Оларға не болғанын ешкім білмейді. Тәрбиеші әдеттегідей» балаларды түсте ұйықтатады. Бірақ ұл мен қыз ұйқыдан оянбай қалады. Бірден балабақшаға жедел жәрдем шақырылды. Дәрігер келе сала балаларды қарап шықты да, олардың қайтыс болғанын айтты. Балабақшаның меңгерушісі де, тәрбиешілер мен күтушілер де қорыққандарынан не істерлерін білмей абыр-сабыр.


Балалардың ата-аналарына қайғылы хабар жеткізілді. Олар балалырының енді жоқ екеніне сенгісі келмей, қатты қиналды. Бүкіл қала болып балалардың ата-аналарына қолдау білдірісіп жатты.


Сонымен ата-аналары балаларын әркім өз үйлеріне алып кетті, олардың денесін жуып, жер қойнына тапсыруға дайындалды. Ертеңіне таңертең жерлеу рәсімі белгіленді.


Тура жерлеу рәсіміне әзірленіп жатқан кезде қайтыс болған қыздың үйіне кешегі дәрігер екі өкпесін қолына алып жүгіріп келді. Ол қыздың ата-анасы мен туған-туыстарына баланы көрсетулерін, ең болмаса баланың қолын ұстауына рұқсат берулерін өтінді. Ол дәгерелік қателік кетіп, қыздың шын мәнінде әлі тірі болуы мүмкін екенін айтты. Алайда қыздың ата-анасы есі ауысқан дәрігерді қыздың денесіне жолатқысы келмеді. Өйткені олар өз перзенттерінің о дүниелік болғанына көндіккен еді. Дәрігер олардың аяқтарына жығылып, қыздың алақанына болмашы ғана тілік жасап көретінін айтты. Бірақ арулап жерлеуге жуындырып қойған қызының денесіне қандай да бір тыртық түсіруге рұқсат бермеді әкесі. Қыздың ата-анасын сендіре алмаған дәрігер жүгіріп, ұл баланың үйіне келді. Ол жақта да дәрігерді жынданған болар деп, ешкім оның сөзіне мән бермеді. Бірақ ұлдың анасы, баласын құтқаруға қандай да бір үміт бар болса, оны да көру керек деген оймен дәрігерге ұлын көруге рұқсат берді.


Дәрігер ұл баланың алақанын ұстады да, бірден қолындағы құралымен баланың алақанын тіліп жіберді, бірден сорғалап қан ақты. Мұны көрген дәрігер бірден жедел жәрдем шақырыңдар деп айқайлады. Бірден жедел жәрдем келіп, баланы ауруханаға алып кетті. Ал әлгі дәрігер қайтадан қзыдың үйіне жүгірді. Алайда ол кешігіп қалған екен. Қыз баланы жерлеп қойыпты. Қыздың ата-анасы зиратты қазуға үзілді-кесілді қарсы болды.


Қызды жерлеп үйлеріне қайтқан жұрт ұл баланың ауласында жедел-жердем көлігі тоқтап тұрғанын, одан балаларын көтеріп, қуанышты жүздері бал-бұл жанып түсіп келе жатқан ата-ананы көрді. Ұл бала алақанындағы тілінген жері ауырып тұрғанын айтып жылап тұр екен.


Мұны көрген қыздың ата-анасы қыздары жерленген зираты қазуға жүгірді. Дәрігер полиция қызметкерлерінен жерленген қыздың денесін алып шығуға рұқсат сұрады. Тиісті органдар зиратты қазуға рұқсат берем дегенше біраз уақыт өтіп кетті. Сонымен қала тұрғындары қыз баланы құтқару үшін тездетіп зиратты қаза бастады. Олар қыздың денесін көргенде қатты таңғалды. Байғұс қыз әбден көмілгеннен кейін есін жиып, өмірі үшін күрсекен екен. Үстіндегі ақ мата әбден жыртылған, аузы ашылып, құмға толып қалған. Сонымен қыз қайтыс болыпты.


Бұл оқиғаның түсініксіз тұстары көп. Ұл мен қыз бала қайтыс болған күні оларлды қараған дәрігер сол күні түнде түс көріпті. Түсінде қыз бала тіріліп келіп оған қарап тұр екен. Ол қыз ұйықтап жатқан дәрігерді оятуға тырысып: «Ағатай, мені неге тірідей көміп тастадыңыздар» деп қайталай берген екен.


Осы оқиғадан кейін дәрігер ауруханадан кетіп қалыпты, ешқашан адам емдеумен айналыспаған екен. Өйткені ол қыз баланың өлімі үшін өзін ешқашан кешіре алмаған.


 


 


alashainasy.kz/




Көрілген: 3153    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.05.2019, 09:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында
    14 Сәуір, 23:19
    Қайта тірілген адам

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30