Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Әкесін жемек болған бала

  • https://www.imdb.com

    https://www.imdb.com

Кепкенсабан мен лайды араластыра сыланған айдаладағы ескі сарай. Оған жетем дегенше, бұл мекеннің «тұрақты келушісі» он шақты атшаптырым жер жүретін. Осы лашықты бұзуға ешкімнің батылы жетер емес.Түн ауа сарышұнақтар мен тышқандар мекендейтін сарайдың ішіне кіруге бір-ақ адамның жүрегі дауалайды. Ол кім дейсіздер ғой!? Ол мұрнының қосағары қысы-жазы тоқтаймайтын көрші үйдегі дорба ауызды сары бала.

Әне,дорба ауызды жүгермек тағы да қорқынышты жерге кіріп барады. Бірақ, бүгінгі талпынысы тіптен бөлек.


Реті келсе, бір-бірінің етіне таласқан өлекселердің терісін сыпырып етінен манты, қанынан кампот қайнатпақ. Оның бұл әрекетін ешкім білмейді. Өзі және әкесі біледі. Жеті атасынан бергібұл әулеттің ер азаматтарының бүкіл тіршілігі, өмір сүру салты осы.Текжатқа сыр алдырмайды.


Өліксеге дәніккен аш қасқырша тілін жалаңдатып қоржын там ретінде салынған сарайға кіргенде бұл жолы табанының астынан бірдеңе жыбырлап өткендей болды.Әрі-бері басып көріп еді, баса-баса аяғының астындағы топырақтар жан-жаққа шашыраған екен. Сықси көзінқаттырақ ашып, ұйқыдан енді ғана тұрып, ісіп тұрған бір уқалап жіберген қалпы әлгі былқылдақ жерге сары бала тағы қарады.


Күннің сәулесіндей жылтыраған бірдеңе көз алдында көлбеңдейді. Қолына тышқан етінтілімдейтінпышағын алып, ескі қайраққа қарата жүзін осып-осып жіберді де, кездейсоқ тапқан «олжасын» шұқылауға кірісті.

Топырақтың бірінші қабатында ақ дәкеге оранған қамыстан жасалған қара шашты дарға асылған адам кейпіндегі қуыршақ екен. Мұнан түк пайда жоқ деді десазды топырақтың екінші қабатын ақтаруғаоқталды.

Көздегені көңіліндегі уақыттан да жылдам орындалғанына мәз баланың қолынабұл жолы сынық айна түсті.Айнадан өмірінде көрмеген түрін көрмекші болып зер салғанда: «Балам сені қанша ғасыр бойы күттім. Енді кезек алмастыратын кез келді. Мына мекенді саған табыстаймын» деген мақұлықтың даусы жандәрменінін алды.


«Дәніккен қарсақ құйрығымен ін қазады» дегендей сары бала алдындағы айнадан шыққан жарыместі жерге алып ұрды. Бағанадан бері қазған топырақпен көзінен атып ұрды да қарсыласын тәубесіне келтірді.


Адам баласын көрсе де қашпай жүретін сарышұнақтар бүгін күндегідей емес, тыныш. Әшейінде рахаттана өлекселермен тамақтанып, аузының дәмін алайын дегенде қақ шекеден ызыңдап қоймайтын боқшыбындардың да даусы естілмейді.


Сынық айнадан шыққан жаналғышты алып жығып, топырақтың үшінші қабатын қазуға бекінген беті. Осы кезде бұрын-соңды терлемейтін мұрны шөпке түскен таңғы шықтай суланып қоя бермесі бар ма!?


Мұрнының үстін бір сүртеді де қайтадан, топыраққа қолы жармасады. Осылайша, «Әп, бәлем, сені қолыма түсірмей қоймаймын!» дегенде жер астынан Алып шықты.


Ананың алыптығы соншалық, қанша жаңбыр, қар жауса да іргесінен тырнақтай батпағы түспеген сарай опырылып түсті.


Сары бала сарайдың астында қалды. Оны іздеген ешкім болмады. Себебі, «сарайдағы сарышұнақтар мен қара тышқандар таусылса мені жеуден тайынбайды» деп күдіктенген әкесі баласының жоғалып кеткенін ешкімге айтпаған.


Әне, алыста құлаған сарайға қуанып әкесі екі қолын шапалақтап тұр.



Шапағат СЕРДӘЛІҚЫЗЫ


sn.kz





Көрілген: 2684    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.09.2019, 11:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қараша, 14:35
    Жер асты жұмбағы...
    23 Қыркүйек, 11:17
    «Жұма, 13-і»...
    18 Қыркүйек, 11:34
    Қырықаяқ туған қыз...
    17 Қыркүйек, 11:08
    Қонақ үйдің №999 бөлмесі...
    15 Қыркүйек, 10:58
    Қабірден шыққан жігіт...
    12 Қыркүйек, 11:10
    Әкесін жемек болған бала
    9 Қыркүйек, 10:58
    Өң мен түстің арасы
    5 Қыркүйек, 10:40
    Адам ба, әруақ па?...
    2 Қыркүйек, 10:15
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Қыркүйек, 16:35
    Жын-шәйтан туралы
    31 Тамыз, 10:25
    Пәтер
    29 Тамыз, 10:23
    Елес ауыл

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30